$ 444.22  476.38  4.82

Шымкенттегі әскери мектепте жаттығу кезінде курсант қайтыс болды

Шымкенттегі Сабыр Рахымов атындағы Әскери мектеп-интернатында 16 жастағы курсанты көз жұмды деп жазады Қазақпарат облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған оқу орнының 16 жастағы  курсанты жоспарлы жаттығу кезінде  қайтыс болған.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір аталған жәйт бойынша бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу Шымкент қаласына қарасты Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан жүргізіліп жатыр. Қосыша ақпарат тергеу барысынан кейін анықталатын болады.

Ал, әскери мектеп-интернатының басшылығы әзірге қандай да бір нақты мәлімет бермей отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары