Шымкенттегі Сабыр Рахымов атындағы Әскери мектеп-интернатында 16 жастағы курсанты көз жұмды деп жазады Қазақпарат облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған оқу орнының 16 жастағы курсанты жоспарлы жаттығу кезінде қайтыс болған.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір аталған жәйт бойынша бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу Шымкент қаласына қарасты Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан жүргізіліп жатыр. Қосыша ақпарат тергеу барысынан кейін анықталатын болады.
Ал, әскери мектеп-интернатының басшылығы әзірге қандай да бір нақты мәлімет бермей отыр.