14.04.2018, 05:09

АҚШ Сирияны зымыранмен атқылады

Сирияға алғашқы соққылар Дамаск уақыты бойынша таңғы төрттер шамасында, АҚШ-та президент сөз сөйлеп тұрған сәтте берілген деп мәлімдейді ВВС.

АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығымен Сирияға әуеден зымыранмен соққы жасады. Трамптың бұл шешімі Дума қаласындағы химиялық шабуылға жауап ретінде қабылданғанын бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.

Франс Пресс агенттігі және ВВС хабарларына қарағанда, соққы Дамаскідегі бірнеше тұрғын үй орамдарына бағытталған. Оның ішінде ғылыми зертхана орналасқан Барзех та бар. Бұдан тыс, бірнеше әскери нысандар да зымыран нысанасына айналған.

Трамптың сөзіне қарағанда, Сирияны зымыранмен атқылау Ресейдің химиялық қаруды пайдалануын тоқтатудың мүмкіндігі болмағандығының салдары.

Алғашқы соққылар Дамаск уақыты бойынша таңғы төрттер шамасында, АҚШ-та президент сөз сөйлеп тұрған сәтте берілген.

АҚШ, Франция және Ұлыбритания Сирия президенті Башар Асадты химиялық қаруды пайдаланды деп айыптап отыр, ал Басадтың өзі Дума қаласында химиялық қарудың қолданылғанын жоққа шығарумен келеді.

Осыдан бір жыл бұрын Сирия үкіметтік әскері базасына Жерорта теңізінде АҚШ ӘТК кемесінен шыққан «Томагавк» қанатты зымыранымен соққы бағытталған. Сол соққы да АҚШ-тың Сирия үкіметтік әскері мен президент Башар Асад айыпталған Идлиб провинциясына жасалған химиялық шабуылға жауап ретінде берілген-тін. Онда 80 адам шабуыл құрбанына айналған еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат