$ 448.15  483.46  4.86

АҚШ полицейі Димаш Ниязовтың кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

АҚШ-та полицей болып жұмыс істейтін Қазақстанның тумасы Димаш Ниязов 28 сәуірде Дэниэл Джейкобс - Мацей Сулецки бокс кешінің шеңберінде рингке шығады деп жазады Vesti.kz.

Ниязовтың (13-0-3, 6 КО) қарсыласы 25 жастағы мексикалық боксшы Анхель Саринана болады, ол кәсіби деңгейде жеті рет жеңіске жетіп, жеті рет жеңілген және екі рет тең түскен. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде және алты раундпен өтеді.

Бокс кеші 28 сәуірде ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирннің ұйымдастыруымен болатын шоу шеңберінде Нью-Йоркте өтеді. Сонымен қатар, андеркартта жартылай орташа самақ дәрежесінде Олимпиада-2016 чемпионы Данияр Елеусінов жұдырықтасуы тиіс. Бұл кездесу ол үшін кәсіби рингтегі тұңғыш жекпе-жек болады, бірақ қарсыласының кім екені әлі белгісіз. Қазақстандық боксшы наурыздың басында Эдди Хирнмен келісімшарт жасасқан болаты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары