$ 498.34  519.72  4.85

«Қарапайым адамдармен бірге ұшты»: Қырғыз президенті жеке шаруасы үшін мемлекеттің мүлкін пайдаланбайды (ВИДЕО)

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде таралған мемлекет басшысының қарапайым әуе рейсімен ұшқаны туралы видеороликке түсініктеме берді.

"Президент Бішкектен Ошқа отбасылық жағдайымен ұшты. Ол қаза болған бауырының жылына қатысуы тиіс болатын", — деп жауап берді президенттің баспасөз қызметі Sputnik Қырғызстан журналисіне.

Сенбі, 14 сәуір күні қырғыз тележүргізушісі Нұрсұлтан Майназаров Instagram-дағы парақшасына Жээнбековтың қарапайым әуе рейсімен ұшқаны туралы видеоролик жүктеді. Онда ол жолаушыларға өздерімен бірге президент ұшып бара жатқанын хабарлаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары