$ 498.34  519.72  4.85

Шетелде оқитын түркімен студенттер жаппай оқудан шығарылуы мүмкін

Азаттықтың түркімен қызметіне хабарласқан студент Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын ондаған студент жеке есеп шоттарынан ата-анасы аударған ақшаны ала-алмай отырғанын айтады.

Студенттің айтуынша, Түркіменстан банкінен алған MasterCard картасынан қолма-қол ақша ала-алмай отыр.

«Деканат егер семестр соңына дейін оқу ақысы төленбесе, оқудан шығасыңдар деп ескертті. Бізде оқу орнында Ресейде Әлем чемпионаты өтуіне байланысты сессияны алға жылжытты. Енді кейбір түркімен студенттері оқу ақысын төлеу үшін, күндіз-түні жұмыс істеуге мәжбүр», - дейді Ресейде оқитын түркімен студенті.

Ол түркімен студенттері оқу ақысын төлеу мерзімін ұзартуын сұрап, күнде деканат алдына жиналатындарын айтады. Олар Ресейдегі Түркіменстан елшілігінен де көмек сұраған екен, бірақ еш нәтиже болмаған.

Былтыр желтоқсан айынан бері Түркіменстан билігі шетелдерде картадан қолма-қол ақша алуға шектеу қойған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары