Ақтау халықаралық әуежайында «Скат» компаниясының VSV(DV)-742 рейсін орындаған ұшағы отқа оранғаны туралы видео әлеуметтік желілерде жариялана бастады.
Нақтырақ айтқанда, бүгін Астанадан сағат 18:18-де ұшып келген ұшақ әуежайда өртеніп кетті.
Жергілікті lada.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, төтенше жағдай ұшақ келіп қонғаннан кейін, ұшу-қону алаңында болған. Экипаж мүшесі немесе техникалық қызмет көрсетушілер тарапынан жасалған әрекеттен кейін ұшақ жана бастаған. Өрт бірден сөндірілді.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.