Бұтында лыпадан өзге дымы жоқ ақтөбелік тұрғын көшені кезіп, жұрт назарын өзіне аударды. Куәгерлер оны бейнекамераға түсіріп, видеоны Instagram әлеуметтік желісіне жүктеген.
Мезгілінен бұрын жазды шығарып алған тұрғынды мұндай әрекетке не итермелегені белгісіз. Желі қолданушылары оны алкогольдік ішімдік ішіп алған десе, өзгелері науқас болуы мүмкін дейді. Ал, кейбірі тіпті бейнекамераға түсіргендерді ер азаматқа көмек бермегені үшін жазғыруда.
Айта кетейік, елімізде дәл осыған ұқсас жағдайлар жиі орын алып жүр. Мәселен, былтыр маусым айында Атырау облысында ер адам тырдай жалаңаш көше кезсе, сол жылдың ақпан айында Астанада бойжеткен қыз көшеде тәнін жалаңаштап фотосессия жасады.