$ 498.34  519.72  4.85

Ер адам 6 айлық қызын үйдің шатырынан лақтырып жіберген

Оңтүстік Африканың Квадеси ауданында ер азамат 6 айлық қызын үй шатырынан лақтырып жіберген деп жазады Daily Mail. Оған қазір адам өміріне қауіп төндіоді деген айып тағылып, қамауға алынды.

Аты белгісіз 38 жастағы ер азамат өзімен бірге үй шатырына қызын ала шыққан. Ол бұл әрекетімен заңсыз тұрғызылған үйлердің сүрілуіне қарсылық білдірген екен.

Сәбиді лақтырып жібергенде баланы жерден полиция қызметкерлері қағып алған және анасының қолына берілген. Ал әкесі сол жерде тұтқынға алынды.

Бұл оқиға Оңтүстік Африканың шығыс жағалауында заңсыз тұрғызылған 90 үйден тұратын Квадвеси ауданында болған. Билік бұл үйлерді сүруді тапсырыпты. Бірақ жергілікті 150 тұрғын бұған қарсылық білдіріп, көшеде тәртіпсіздік орнатты, жолдарды жауып, полицейлерге қарай кірпіш лақтырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары