$ 441.66  475.14  4.86

20 жастағы жігіт 4 жасар баланы телефон қуаттағышымен аяусыз ұрып-соққан

20 жастағы Красноярск тұрғыны сүйіктісінің 4 жасар қызына аяусыз қорлық көрсеткені үшін ұсталды. Оның үстінен «сәбиге қорлық көрсету» бабы бойынша іс қозғалды деп хабарлайды KazanFirst.

Жас жігіт сүйіктісімен, оның алты және төрт жастағы қыздарымен бірге бір пәтерде тұрған. Сәуірдің 13-не қараған күні айыпталушы кішкентай қызды белдікпен, телефон қуаттағышымен ұрып-соғыпты. Бірнеше жерінен жарақат алған қызына өзі ем көрсетпек болған келіншек қылмысты жасырып қалғысы келген. Бірақ үйге қонаққа келген отбасының досы ұрған қызды көріп, бірден полицияға хабар беріпті.

Қазіргі уақытта қыз ауруханада, ал әпкесі балалар үйіне тапсырылған. Баланы ұрып-соққан жігіт болса тергеліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары