$ 448.15  483.46  4.86

Ермегияев 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

«ЭКСПО»-дағы жемқорлыққа қатысты жаңа дерек шықты. «Астана Экспо 2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевқа аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген ресми айып тағылды.

Қанша көлемде ақша ұрланғаны әлі құпия ұсталып отыр. Ал лауазымды қызметінен алынған 46 жастағы Ермегияев изоляторға емес, үй қамаққа алынды.

Тағынан тайған шендіні элиталық пәтерінде тергеушілер күзетуде. Күдікті тергеуге кедергі келтірмесі үшін  телефонмен сөйлесуге, хат алмасуына тыйым салыныпты.

Тағылған «ірі көлемде қаржы жымқыру» бабы бойынша, «ЭКСПО»-ның экс-басшысы 12 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ермегияевқа дейін халықаралық көрменің құрылысына жауапты болған Қажымұрат Үсенов тұтқындалған болатын.

 

Жантүршігерлік жол апатын жасаумен аты шыққан Мақсат Үсеновтың әкесі де қазір Астанадағы пәтерінде үй қамауында отыр.

 

Деректерге сенсек, Қажымұрат Үсенов Ермегияевтің байланысы бар компанияларға тендер ұтып беріп, бюджет ақшасын бірігіп жымқырған, деп хабарлайды ктк телеарнасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары