Қарағанды облысында полицейлер 46 жастағы әйел мен оның кәмелеттік жасқа жетпеген қызының өлімінің мән-жайларын анықтау үстінде.
Бұл туралы аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Шет ауданындағы кенттердің бірінде тұратын 1969 жылы дүниеге келген әйел мен оның кәмелеттік жасқа жетпеген қызының мүрделерін табу фактісі бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Материал сот алдындағы тергеу тізілімінде ҚР ҚК-нің 99 бабының 2 бөлімімен (Адам өлтіру) тіркелген», - делінген хабарламада.
Осы арада әйелдің әуелі өз қызын өлтіргені, содан кейін өзіне қол жұмсаған деген де болжам бар.