$ 498.34  519.72  4.85

Жамбыл облысында болған Ан-2 ұшағы апатының себебі анықталды

«OLIMPAIR» авиакомпаниясы» ЖШС-нің Ан-2 ұшағы 2015 жылғы 20 қаңтарда Жамбыл облысындағы Шатыркөл кеніші маңайында апатқа ұшыраған болатын.

Бүгін сол апатқа ұшыраған авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның қорытынды есебі бекітілді, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР ИДМ-нің авиациялық оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссияның қорытындысында апаттың негізгі себебі Шатыркөл кенішінің маңайындағы метеорологиялық көрінудің нашарлауы жағдайында экипаждың қауіпсіз ұшу биіктігінің рұқсат етілетін төменгі шегін сақтамауынан болғандығы айтылған.

Ұшақ тым төмен ұшқандықтан, жер бетімен соқтығысуына әкеліп соққан.

Бекітілген қорытынды есеп алдын ала тергеу жүргізген ҚР Бас көлік прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігіне жолданады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары