$ 448.89  477.93  4.76

Алматыда бағдаршамның қызыл түсіне өткен автобус жас қызды қағып өлтірді (ВИДЕО)

Алматыда Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында автобус жас қызды қағып кетті деп хабарлады СТВ телеарнасы. Соққының қатты болғанынан қыз оқиға орнында көз жұмған.

Аталған жол апатының видеокадрлары желіде пайда болды. Онда №126 бағыттағы автобус бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жүйіткіп келіп, жолдан өтіп бара жатқан қызды соғып кеткені анық көрінеді. Соққының қатты болғаны сонша, қыз бірнеше метрге дейін ұшып кеткен.

СТВ телеарнасының хабарлауынша, марқұм жедел жәрдем келгенше жан тапсырыпты. Оның 1994 жылғы қыз екені анықталып отыр. Ал, автобустың мемлекеттік номеры Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары