Әлемде бет терісін екі рет алмастырған адам отадан кейінгі өмірі жайында айтып берді деп жазады BBC News.
Франция тұрғыны Джером Амон генетикалық нейрофиброматоз, яғни бет қатерлі ісігі ауруына шалдыққан. 2010 жылы хирург Лорен Лантьери Амонның бетіне алғашқы операциясын жасаған болатын.
Бес жылдан соң Амон суықтап қалып, антибиотик қабылдапты. Бірақ ол науқастың денсаулығына кері әсерін тигізген. Содан теріде өлі жасушалар пайда болып, бетті кесіп алып тастауға тура келіпті. Ал, 2017 жылы оған екінші операция жасалды.
Бұл жолы донор табуға үш ай уақыт кеткен. Бұл уақытта Амонның құлағы естімей, көзі көруден қалыпты. Артынша 23 жастағы донор табылып, олардың беттері жедел алмастырылды.
Содан бері үш ай өткенімен ол әлі ернін қозғалта алмайды. Себебі жас бет терісінің көлемі Амонның жақ сүйегімен сәйкес келмейді. Бірақ өзінің сауығып кететініне сенімді француз өзін 23 жастағы жігіттей сезінетінін айтып әзілдеп жүр.