$ 441.66  475.14  4.86

Астанада автобус жүргізушісі дөңгелек ауыстыру сәтінде көз жұмды

Астана қаласында №120 автобус жүргізушісі дөңгелек ауыстыру кезінде қайтыс болды деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға 18 сәуір күні сағат 08.30-да Бөгенбай даңғылындағы «Бейбітшілік» бекетінде болған.

«Шанхай» базары бағытына кетіп бара жатқан № 120 Hyundai County автобусының жүргізушісі алдыңғы дөңгелегін ауыстыру кезінде белгісіз себеппен көз жұмған. 18 сәуір күні медициналық тексерістен өткені туралы автопарк журналында көрсетілген. Сол бойынша жұмысқа шыққан», – деп пікір білдірді Астана LRT мекемесінің өкілі.

Компания қайтыс болған жүргізушінің жақындарына көңіл айтады. Марқұмның 10 жылдық жүргізушілік тәжірибесі болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары