$ 444.32  473.33  4.76

Моноқалалар экономикалық дағдарысқа төтеп бере алмауы мүмкін

Моноқалалардың белсенділігі одан әрі төмендейді деп болжам жасады парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

«Мен экономикалық жағдайдың өзгеруі өнеркәсіптің дамуына әсер ететінін айтуға мәжбүрмін. Өкінішке орай, тенденция моноқалалар өз белсенділігін төмендетеді, төмендеу жалғасады және күшеюі мүмкін дегенге саяды. Сол себепті үкімет жұмысының аясында біз депутаттарға жүгінеміз, моноқалалардың жұмысын қайта қарастыруды қоса алғанда, жұмысқа қосымша түзетулер енгізуіміз мүмкін», — деп мәлімдеді К.Мәсімов.

Оның айтуынша, облыстар мен моноқалалардың әкімдері өкінішке орай бюджеттік қаражат кәсіпкерлікті емес, инфрақұрылымды дамытуға пайдаланылып жатқанын мәлім еткен.

«Облыс әкімдері бұрыс жағадайды — қаражаттың пайдаланылуы белсенділікті ынталандыру мақсатында көп жағдайда осы қалалардағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, инфрақұрылымды дамытуға бағытталып, кәсіпкерлікті дамытуға аз көңіл бөлінгенінін баса айтты. Менің ойымша, біз бұл бағдарламаның әкімшілік басқарылуына белгілі бір түзетулер енгіземіз», — деді министрлер кабинетінің басшысы.

Сонымен қатар, К.Мәсімов бағдарламаның өзі — аймақтарды дамытуға бағытталаған елеулі жәрдем. екенін баса айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары