$ 444.14  477.05  4.85

Алматыда жол-патрульдік полициясының басшысы пара алып жатқан кезде ұсталды

Алматы полициясының Жол-патруль қызметін басқарып келген командир Мұрат Байғазиев бүгін пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев хабарлап отыр.

Қалалық жол полициясының полк командирі Ұлттық қауіпсіздік қызметінің мамандары мен Ішкі істер департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметкерлерінің біріккен күшімен ұсталған. Байғазиев көлік құралының еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін 200 доллар пара алу үстінде қолған түскен. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Қазір полиция майоры уақытша ұстау изоляторына қамалған.

31.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары