$ 443.85  474.3  4.8

Алакөл алабөтен мінез танытуда

Шығыс Қазақстандағы демалыс орнының иелері көл жағалауының жақындауынан дөңгелетіп отырған кәсібімізден айырылуымыз мүмкін деп алаңдауда. Жыл сайын арнасынан асып бара жатқан толқын жағалауда орналасқан Қабанбай ауылындағы үйлерге де жақындап келеді. Ал жағажайды бекіту ісі бірнеше жыл бұрын қолға алынғанымен, қаражаттың жоқтығынан аяқсыз қалған.

Алакөлде демалыс науқаны негізінен шілденің ортасында қызады. Бірақ қазір де салқын суға сүңгігенді ұнататындар көптеп келуде. Жаз мезгілінде жайбарақат жататын көлдің аласұратын кезін көрген жергілікті жұрт қана беймаза.

Алакөл басында 100-ден аса демалыс үйі бар. Бүгінге дейін бірнеше ғимарат су астына кетіп үлгерген.

Көлді жиегінен шығармау үшін бірнеше жыл бұрын жоба жасалып, жұмыс та басталған болатын. Алайда 1 ғана бөгет салынып, сол күйі қалып қойған. Енді жағалауды бекітуге қажет кезекті құрылыс жұмысына 4 млрд теңге керек.

Атқамінерлердің айтуынша, қажетті қаржы тек республикалық бюджеттен бөлінуі керек. Өйткен, өз бетімен жұмысты бастауға облыс қазынасының қауқары жетпейді. «Біз тек жұмысшы тауып бере аламыз» дейді жергілікті шенеуніктер.

Жағалау биыл да бекітілмесе демалыс орындарының бірсыпырасы су астында қалуы мүмкін. Бір айтары, турбазалармен қатар, Қабанбай ауылы жұртының да баспаналары судың жолында тұр, деп хабарлайды ктк телеарнасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары