$ 498.34  519.72  4.85

Басшылардың салғыттығынан бүлдіршіндерге қауіп төнді

Бүлдіршіндерге сақталу мерзімі өтіп кеткен азық-түліктен ас әзірлеп, жарамсыз дәрі-дәрмек еккен.

Мұны қарағандылық прокурорлар анықтады. Шаһардағы 50-ден астам білім мекемесін тексеріп шыққан құқық қорғаушылар осындай олқылықтарды анықтады. Мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде 250-ге жуық тағам түрі пайдалануға жарамсыз болса да, балғындарға ас дайындалған. Ал мектеп пен балабақшадағы сақталған 40 түрлі дәрі-дәрмек пайдасыз деген шешім шығарылды. Өйткені олардың сақталу мерзімі өтіп кеткен. Осыған орай балғындардың денсаулығына салғырт қараған 13 қызметкер жазаланады. Жауапты мекемеге 1,5 миллион теңге айыппұл салынып, басшылар тәртіптік жазаға тартылатын болды, деп хабарлайды http://24.kz/kz.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары