$ 491.7  531.28  5.07

Әлемдегі ең кәрі әйел 117 жасында көз жұмды

2016 жылдан бері жер бетіндегі ең кәрі адам болып саналатын Наби Тадзима Жапонияның оңтүстік-батысында орналасқан ауруханада 117 жасында қайтыс болды деп жазады Kyodo.

Жапондық Тадзима өзінен бес жас үлкен Ямайка тұрғыны Вайолет Браун қайтыс болғаннан кейін әлемдегі ең кәрі әйел болып есептеліп келген еді. 1900 жылдың 4 тамызында дүниеге келген Тадзимадан 140 ұрпақ тараған. Ол 35 шөпшек көріпті.

Еске салайық, өткен жылдың 3 қарашасында украиналық Христина Нагорная да 117 жасында көз жұмған болатын. Ол Тадзимадан бір айға үлкен болған. Нагорная өмірінің соңына дейін белсенді болуымен есте қалды. Яғни, 110 жасына дейін бау-бақша қарап, қоян мен үй құстарын өсіретін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары