$ 443.44  480.51  4.88

«Қыздығымды сатпадым, бұл тек жарнама»: пәктігін 2,3 миллион еуроға сатқан модель шындықты айтты

Модель Александра Кефреннің айтуынша, Cinderella Escorts эскорт-агенттігі «қыздық сату» аукционын пиар үшін ұйымдастырған деп хабарлайды Unilad.

18 жастағы румындық модель 2017 жылы наурыз айында аукционда қыздығын 2,3 миллион еуроға сататынын мәлімдеген болатын. Оны жұрт модель ретінде сол кезде ғана тани бастады. Бірақ бір жыл өткеннен кейін Александра «қыздық сату» аукционын Cinderella Escorts эскорт-агенттігі өзіне пиар жасау үшін ойлап тапқанын мәлімдеді.

Бірақ компания «қыздық сату» аукционының шынайы өткенін алға тартып отыр. Ал, Александраны кездесіп жүрген жігіті болғаны үшін жұмыстан шығарған. Өйткені келісімшартта модельдің басы бос болуы керек деп көрсетілген екен.

Александрадан кейін қыздығын сатушы қыздар легі көбейе бастаған. Агенттіктің басшысы Ян Закобельский күніне мыңдаған ұсыныс түскендігін айтып отыр. Оның 600-ден астамы қыздығын сатқысы келген арулар болса, қалғаны осы агенттікте жұмыс істегісі келетіндер екен.

Ал, Александра Кефреннің айтуынша, Ян бұл қыздарды Афины қаласындағы бордельге апарып, сол жерде жезөкшелікпен айналысуға итермелеген. Бордельде жұмыс істеген қыздар бір түнде 8 еркектен қабылдап отырған. Табыстарының тең жартысын Cinderella Escorts агентігі өзіне алып отырыпты. Қазір енді адам сатумен айналысқаны үшін Ян Закобельскийді тексеру қолға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары