$ 494.87  520.65  4.91

Астанада жаңа жағажай ашылады

Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне сәйкес, елордада жаңа жағажайдың құрылысы жүзеге асырылады. Жазғы демалыс орны Күйгенжар ауылында салынады. Сыйымдылығы 2250 адамды құрамақ, деп жазады astana.gov.kz

Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптамадан өткізілу үстінде, қорытынды 10 шілдеде шығады деп күтілуде.

Жоспар бойынша жағажай бірнеше аумақтан тұратын болады. Бірінші аумаққа жалпы ауданы 2,05 гектарлық акватория және ұзындығы 470 метрлік жағалау кіреді. Екінші аумаққа жалпы ауданы 1,46 гектарды құрайтын құмшауыт жағажай енеді. Ол жерде шезлонг, қолшатыр, кереует секілді барлық қажеттіліктер орнатылады.

Жағажайда мүмкіндігі шектеулі жандардың суға түсуі де қарастырылмақ. Осы мақсатта арнайы пандус жасалады. Балалар үшін тереңдігі 0,5-0,7 метрден аспайтын суға түсу аумаға болады. Қауіпсіздік мақсатында жағалау бойында құтқару мұнаралары салынады.

Сонымен қатар, тағы бір қосымша аумақ жасау көзделген. Оған халыққа қызмет көрсету мекемелері, демалыс орындары, үйлер, жасыл алқап, медпункт, құтқарушылар бекеті енеді. Белсенді демалысы ұнататындар үшін спорттық аумақ салынады. Аталмыш аумақта стритбол, үстел теннисі, скейтбординг, волейбол, шағын футбол, бадминтон секілді бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдануға болады.

Басқарманың хабарлауынша, аталмыш жағажай келесі жылы жазда пайдалануға берілмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары