$ 449.58  486.94  4.86

Ақмола облысында жол апатынан Ресейдің төрт азаматы қаза тапты

Ақмола облысында жол апатынан Ресейдің төрт азаматы қаза тапты деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, ішінде Ресейдің 16 азаматы бар Peugeot минивэн көлігі Алматы-Екатеринбург жолының 1320-километрінде, облыстың Аршалы ауданы Ижевский ауылы маңында келе жатып бір жағына аударылып кеткен. Алдын-ала болжам бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

Полицияның дерегінше, жол апатынан бір ер адам оқиға орнында, үшеуі ауруханада көз жұмған. 12 ресейлік түрлі жарақатпен ауруханаға түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары