18.06.2015, 18:00

Алматыда болған өрттен бір адам зардап шекті

Алматыда Масанчи 92 мекенжайы бойынша орналасқан асханадан өрт шықты.

Төтенше жағдай салдарынан 1 әйел жеңіл дәрежеде көмір қышқыл газымен уланып, Жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Айнұр Дүйсенованың айтуынша, өрт туралы хабарлама түскі 13:29-да түскен. Тілсіз жау 80 шаршы метрді жалмаған. Өрт 14:15-те өшірілді.

«Өртке қарсы қызмет өкілдерінің шұғыл әрекетінің арқасында жалынның жақын орналасқан 2 ғимаратты шарпуына жол берілмеді», - деді Айнұр Дүйсенова.