Көкшетауда әйелін көлігімен әдейі қағып өлтірген 30 жастағы азамат 11 жылға сотталды деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Марқұм Анастасия Бойкованың артында кәмелет жасына толмаған ұлы қалған еді.
Желтоқсан айында Аркадий Горькавый комбинатта бас есепші болып істейтін 37 жастағы әйелін сол кәсіпорын алдында БМВ Х5-пен қабырғаға жаншыған. Сұмдық оқиғаны сол жердегі жұмысшылар көріпті. Ал Аркадий осыдан 6 жыл бұрын тәртіп сақшыларына қарсылық білдіргені үшін жауапқа тартылған екен. Сондай-ақ, полиция бұл азаматқа Бойкованың өтінішімен оған жоламау туралы екі рет ескерту жіберген. Өйткені өзі бөлек тұрып жатса да, азаматтық некедегі әйелін кім көрінгеннен қызғанып, талай соққыға жығыпты. Енді Горькавый 11 жылын қауіпсіздігі аса жоғары түрмеде өткізетін болды. Сондай-ақ, зардап шегуші тарапқа 3 миллион теңге моральдық шығын өтесін.