25.04.2018, 10:48

Шомылу маусымы басталмай жатып ОҚО-да 7 адам суға ағып кеткен

Биыл Оңтүстік Қазақстан 7 адам суға батып, қайтыс болды деп жазады Otyrar.kz. Оның бесеуі балалар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ТЖД мамандары мәлімдеді.

Шомылу маусымы басталмай жатып ажалы судан келгендердің қарасы көбейіп отырғаны төтеншеліктерді де алаңдатып отыр.

Марқұмдардың өлім жағдайлары акваториялық бақыланбайтын аумақтарда орын алған. Мамандар мәліметіне сенсек, өткен жылы өңірдегі айдындарда 38 суға бату дерегі тіркеліп, 34 адам қаза болған. Өкінішке қарай, суда соңғы демі үзілгендердің 18-і — кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер мен сәбилер.

Жыл басынан бері соңы орны толмас өкінішпен аяқталған 7 жағдайдың 5-де 3 пен 7 жас аралығындағы жеткіншектердің өмірі қиылды. Қайғылы оқиғалар қарапайым ағын су мен каналдарда орын алып отыр. Ал су қауыздарының саяз жерлері құтқару қызметінің бақылауына алынбайды. Айтқандай, бауыр еті баласының қауіпсіздігіне салғырт қараған ата-ананың ісі сотта қаралады.

Егер жазатайым оқыс оқиғаға тап болсаңыз, 101 немесе, 112 шұғыл шақыру қызметіне қоңырау шалыңыз. Айта кетейік, күн сайын бұл нөмірлерге 3 мыңнан астам қоңырау келіп түседі екен. Оның тең жартысы жалған қоңыраулар дейді мамандар. Еріккендердің ермегі талай жанның ажалына себеп болуы мүмкін екенін алға тартқан төтеншеліктер жалған қоңырау шалушылардың да қатаң жазаланытын ескертті.