Өткен тәулікте елімізде кішкентай екі бала суға тұншығып қайтыс болды деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Бірінші қайғылы оқиға Атыраудағы Ширина ауылында болған. Орал өзенінің жағасында ойнап жүрген 2008 жылғы бала байқаусызда құлап кетіп, тұншығып қайтыс болды. Жеткіншектің мәйітін жергілікті тұрғындар өздері судан алып шыққан.
Ал, екінші жағдайда 1 жасар қыз 50 литрлік үлкен алюминий ыдыстың ішіне құйылған суға тұншығып қайтыс болды. Оқиға Арал қаласындағы жер үйлердің бірінде болған. Оның мәйітін ата-анасы тауып алыпты.
Екі жағдайда да балалар үлкендердің қарауынсыз қалған.