Мароккодағы Сиди-Слиман қаласында тұратын профессор әйелімен 35 жыл некеде бақытты өмір сүріп келген. MarocPress басылымының хабарлауынша, ерлі-зайыптылардан 9 бала туылыпты.
Бірақ уролог дәрігеріне тексерілуге барған профессор өзінің өмір бойы белсіз болғанын естіп талып қала жаздаған. Ер азаматтың бала кезінен бері ұрығы болмаған екен.
Алғашында мұны қателік деп ойлаған профессор өзге ауруханаларға барып, білікті мамандардың тексеруінен өтеді. Бірақ, барлық дәрігер оның соңғы 50 жылдан бері белсіз боп келгенін айтқан.
Әйеліне ұзақ жылдар бойы алданып келгенін түсінген ер азамат дереу ажырасуға арыз жазыпты. Онымен қоса, барлық балаларынан бас тартатанын да мәлімдеген. Сотта ол медициналық анықтамаларды көрсетіп, сөздеріне дәлел келтіріпті.
Ал, 9 баланың кімнен туғаны белгісіз. Олардың бәрі бір еркектен бе, әлде бірнеше еркектен бе, ол жағы да айтылмай отыр.