21.06.2015, 18:00

Бауыржан Байбек: Сыбайлас жемқорлық тұрақты және мақсатты күресті талап етеді

Сыбайлас жемқорлық көрінісі тұрақты және мақсатты күресті талап етеді, деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өңірлік Кеңестердің жетекшілерімен өткен республикалық семинар-кеңес барысында.

«Нұр Отан» партиясы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тұрақты және мақсатты жұмыс жүргізуде. Жемқорлық қатып қалған құбылыс емес, экономикадағы, азаматтардың діліндегі, олардың мінез-құлықтарындағы өзгерістірге орай ол өзінің келбетін өзгертіп тұрады. Біз бүгінгі күні экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты Еуропада сыбайлас жемқорлық көрінісінің күшейіп, көлеңкелі экономиканың өсіп бара жатқанын байқап отырмыз.  Бұл құбылыс тұрақты және мақсатты күресті талап етеді», - деді Бауыржан Байбек.

Б.Байбек атап өткендей, жемқорлық көрінісінің бастапқы кезеңінде  жолын кесу керек.

«Партияның Саяси Доктринасында «жемқорлықпен күрестің баршаның және әркімнің мақсаты болып табылатыны белгіленген. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін барлық жүйелі жағдайлар жасалатын болады», - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әрекет ететін институттар қалыптасты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Республикалық Қоғамдық Кеңес мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар үшін де жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар талқыланатын, оның «әлсіз жерлері» белгіленетін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті жетілдіру бойынша сындарлы ұсыныстар енгізетін шын мәнісіндегі белсенді пікіралмасу алаңына айналды»,  - деп толықтырды  БауыржанБайбек.

Сонымен қатар, партия филиалдарының жанында тап осындай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өңірлік қоғамдық кеңестер жұмыс істейді.

«Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партия фракцияларындағы жұмыс қатты күшейтілді. Елбасы тапсырмасы бойынша біз «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыруды бақылау және Ұлттық қордың қаржысын тиімді жұмсау бойынша комиссия жұмысына кірістік», - деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Бүгін, Алматыда  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өңірлік Кеңестердің жетекшілерімен «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру бойынша өңірлік Кеңестердің міндеттері туралы» республикалық семинар-кеңес өткенін еске саламыз. Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Республикалық Қоғамдық Кеңестің төрағасы Қ.Сүлейменов, Алматы қалалық партия филиалының төрағасы, Алматы қаласының әкімі А.Есімов және басқалар қатысты.