Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев моноқалаларды дамыту мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта республикамызда жалпы халық саны 1,5 млн. адам болатын 27 моноқала бар. 2012-2014 жылдары Моноқалаларды дамыту бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 48,4 млрд. теңге бөлінген. Ағымдағы жылдан бастап моноқалаларды дамыту 2020 жылға дейін Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
Моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларына сәйкес республикалық бюджеттен 2015 жылға 16,6 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 7,7 млрд.теңге бөлу қарастырылған.
Моноқалаларда ШОБ-ты ынталандыру несиелері бойынша 10%-ға дейін пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, микронесиелер, сондай-ақ, жаңа өндірістер құруға 3 млн. теңгеге дейін бөлу түрінде мемлекеттік қолдау тетіктері жүзеге асырылады.
Аталған бағыт аясында республикалық бюджеттен 2013-2014 жылдары 8 175,5 млн. теңге бөлінген, ал 2015 жылға 2 979 млн. теңге қарастырылған.
Өткен жылдары 3 644,5 млн. теңге сомаға 1380-нен астам микронесие берілген, олардың ең көбі Степногор (173), Ақсу (130), Екібастұз (112) және Кентау (126) қалаларында берілген. Жалпы 1 559,5 млн. теңге сомаға 346 жобаны субсидиялау мақұлданған. Мақұлданған жобалардың ең көбі Ақсай (47), Екібастұз (23), Зырян (22) қалаларына тиесілі.
Тиімді шаралардың бірі бизнес нысандарына инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу болып табылады, ол жаңадан бастаған кәсіпкерлердің жеке бизнес ашудағы көптеген кедергілерін жояды. Сонымен, 12 моноқаладағы кәсіпкерліктің 22 нысанына 2013-2014 жылдары республикалық бюджеттен 1 055,2 млн. теңге бөлінген.
Моноқалалар Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жан басына шаққанда негізгі капиталға инвестицияларды, жаңғыртылған желілер үлесін және орталық сумен жабдықтауға қолжетімділікті арттыру көрсеткіштері қарастырылған.
Атап айтқанда, бағдарламаға сәйкес 26 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құрумен 1,1 трлн. теңге сомаға 48 «зәкірлік» инвестициялық жоба қарастырылған. Қазіргі уақытта осындай 16 инвестициялық жоба пайдалануға беріліп, 2,7 мың жұмыс орны құрылды. Алайда, Шахтинск, Хромтау және Серебрянск қалаларындағы «зәкірлік» жобалар тұрып қалған. Ал, өңірлерде пайдалануға берілген 16 жобаның 6-уы 50%-ға ғана орындалған.
Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдеріне ағымдағы жылға қарастырылған тиісті көрсеткіштерге жету және шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаражатты толық игеруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Бұдан өзге, моноқалаларда қала құраушы кәсіпорындардың көмекші және қызмет көрсететін өндірістерді, тапсырыстарды орналастыру мәселелерін зерделеу тапсырылды.
Оған қоса, Инвестициялар және даму министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен пайдалануға берілген жобаларды толық жүктеуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Айта кетейік, 2012 жылғы қаңтар айындағы Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Үкіметке Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын.
Осыған байланысты, үстіміздегі жылғы мамыр айында Үкімет аталған бағдарламаны қабылдады. ҚР ЭДЖМ ақпарына қарағанда, оған қатысуға халық саны 1,5 млн адам болатын (ел халқының 16%) 27 моно қала іріктеліп алынған.
Олардың ішінде анағұрлы ірілері – Қарағанды облысындағы Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Костанай облысындағыРудный, Павлодар облысындағыЕкібастұз, Шығыс Қазақстан өңіріндегі Риддер, Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қалалары. Бұл қалалардағы халық саны 50 мыңнан 180 мыңға дейін жетеді.
Бірсалалы қалалар деп өнеркәсіп өндірісі мен халықтың жұмыспен қамтылуы бір немесе екі қала құраушы кәсіпорындарға бейімделген қалаларды атайды.
Бағдарлама жұмыссыздық пен жұмысқа орналастыру, ШОБ қолдау көрсету, коммуналдық инфрақұрылымды түбегейлі жаңғырту, қазіргі заманғы өмірдің әлеуметтік жағына батыл өзгертулер енгізу (жаңа мектептер, ауруханалар, балалар бақшалары, сапалы тұрғын үй) мәселелерін шешуді көздейді.
Бұл ішкі көші-қонға ықпал етіп, қалалықтардың кәсіби тұрғыдан алғанда сапалы құрылымын қалыптастыруға әсер етеді. Кезінде тоқырауға ұшырап, жабылып қалуға шақ қалған кәсіпорындар енді қайта жаңғыртылып, экономикалық тиімді әрі бәсекеге қабілетті өндіріс орындарына айналатын болады. Сондықтан, қайта даярлау, оқыту, біліктілікті арттыру, нақты жалақысы бар жұмыс орындарымен қамтамасыз ету – келешек моноқалалардың басты мақсаттарының бірі болып табылады.
Үкімет алға қойып отырған тағы бір мақсат, бұл индустриялдық өсу мен өнеркәсіпті қалпына келтіру. Оның негізі – заманауи және сұранысқа ие өндірістің пайда болуы. Моноқалалардың басшылары осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін жаңа құрылымның кәсіби мамандарын даярлау арқылы және бірқатар инфрақұрылымдық қолдау көрсетуі қажет.
«Барлық қалаларда бірдей өсу нүктелерін құру мүмкін еместігі белгілі, сондықтан қазір Алматы, Ақтау, Шымкент сияқты ірі қалалардың маңында шоғырлану жүріп жатқандықтан, бұл қалаларда ғылым мен білімді, құрылысты дамыту қажет. Мемлекет азаматтардың мұндай қалаларға көшуіне жағдай жасайтын болады», - деп атап өтті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекеттің келешегі бар қалаларға қоныс аудару туралы ұсынысы ақылға қонымды. Оның үстіне, мұндай қадамдар барлық деңгейде жан-жақты ойластырылып, маңызды әлеуметтік қолдау жиынтықтарымен бекітіледі.
«Көшіп келген жұрттың жаңа жерде жұмысқа орналасуы анағұрлым маңызды мәселелердің бірі болып табылады, себебі бұл істің мақсаты халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету емес, керісінше, жұмыспен қамтамасыз етуді, сол жаңа жұмыс орны арқылы жалгерлік тұрғын үймен қамтамасыз етуді көздейді. Жұмыспен қамту бағдарламасынан басқа, тек моноқалаларды жұмыспен қамту мақсатында ғана 8 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған», — дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қамту вице-министрі Біржан Нұрымбетов.
Мұнда да бағдарламаның экономикалық жағын түсіну үшін ақша мәселесіне тоқтала өтуге тура келеді. Ол бойынша, 2013-2015 жылдары жүзеге асырылуы тиіс бірінші кезең үшін 135 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.
27 қазақстандық моноқалаларыдың әрқайсысы үшін жеке даму жоспары жасалған. Бұған қосымша жаңа өзгерістерді заңды түрдегі енгізу тетігі іске қосылған. Осы сапалы құқықтық негіздемелер алға қойған мақсаттарды жоспарлы түрде шешуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Үкімет толыққанды әрі тиімді «ойын ережесін» - бағдарлама бағыттары бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің шарттарын, тетіктері мен тәртіптерін әзірлеуде.
Түпкі мақсатқа келер болсақ, бағдарламаны әзірлеушілер оны жүзеге асырудың бірнеше кезеңіне бөлген. 2015 жылға қарай перспективалы моноқалаларда өнеркәсіп өндірісінің көлемін 20% көтеру жоспарланған. Шағын кәсіпорындардың саны екі есе ұлғайтылады. Жұмыссыздар көрсеткішін 5,5% азайту арқылы бұл жағдайға да үлкен өзгерістер енгізіледі.
Көлемді мақсаттарды жүзеге асырудағы отандық тәсілдердің ерекшелігі – жоспарды алға сүйреуші және қолдаушы ретінде қазақстандық нарықтың салалық ірі ресурстары – ұлттық компанияларды тарту болып табылады.
Моноқалаларды дамыту бағдарламасында да өзін өзі жақсы жағынан танытқан әрі бұрыннан белгілі осы тәжірибе толыққанды пайдаланылатын болады. Бұл осы бағдарлама жүзеге асқан жағдайда негізі пайда көруші болып табылатын қазақстандық моноқалалардың 1,5 миллионнан астам тұрғындарына қосымша ынта-жігер мен сенімділік береді.
Біздің сөздік қорымызда жуықта моноқалалар атты жаңа түсінік пайда болды. Құбылыс ретінде оны жаңа деу аса күрделі болғанымен, сөздің жақында пайда болғаны рас. Өкінішке қарай, бұл біздің экономикамыздың әзірше аз зерттелген шынайы фактісі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 30 қаңтарындағы №261 «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындауға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 25 қаңтарындағы №683 қаулысымен 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту Бағдарламасы бекітілген болатын. Бағдарлама елді 2020 жылға дейін территориялық-кеңістіктік дамытудың Болжамдық сызбасын (схемасын) іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады. Болжамдық сызба (схема) мемлекеттік жоспарлау Жүйесін құрайтын құжаттардың бірі болып табылады және экономика салаларын, инфрақұрылым мен аймақтық дамыту мәселелерін кешенді түрде қарастырған Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың маңызды құралы болып саналады.
Аталған бағдарлама моноқалаларды әртараптандыру арқылы халықтың еңбекпен қамтылуын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың тиімді құрылымын қамтамасыз етуге бағытталған. Соған сәйкес, экономикалық күш-қуаты жоғары, орта, төмен моноқалалар анықталады. Сонымен бірге құжат «Аймақтарды дамыту», «Бизнес жол картасы», «2020 жылға дейін еңбекпен қамту Бағдарламасы», т.б. бағдарламалар аясында аймақтардың дамуына мемлекеттік қолдау көрсету бойынша атқарылатын шаралардың ойлы жалғасы болып табылады және монопрофильдік (әрі қарай — моноқалалар) қалаларды ұзақмерзімдік негізде елді постдағдарыстық даму жағдайында дамытуға бағытталған шараларға назар аудара отырып толықтырады.
Моноқала — бұл — негізгі бөлігі (20 пайыз және одан жоғары) өнеркәсіптік өндіріс, еңбекке қабілетті халқы, әдетте, бір профильдегі және шикізаттық бағыттағы (мономамандандырылған) бір немесе бірнеше қала құрушы кәсіпорындарда шоғырланған, соған байланысты қалада болып жатқан барлық экономикалық және әлеуметтік процестерді айқындайтын қала. Моноқалалар санатына халқының саны 10-нан 200 мың адамға дейін жететін қалалар енгізілген, олар төмендегідей белгілермен сипатталады, атап айтқанда:
1. Қала құраушы кәсіпорынның өнеркәсіптік өндіріс көлемі негізгі өндіруші секторда жалпықалалық өндіріс көлемінен (мономамандандырылған) 20 пайыздан жоғары болса; 2. Қала құрушы кәсіпорындарда еңбекпен қамту халықтың жалпы санының 20 пайыздан астамын құраса; 3. Қала құрушы кәсіпорындар жартылай жұмыс істесе немесе іс-қызметін мүлде тоқтатса.
Қала құрушы кәсіпорындармен және моноқалалармен байланысты Қазақстан үшін аса маңызды мәселені зерттеу Қазақстан моноқалаларын дамыту Бағдарламасы аясында жүргізілді. Аталған бағдарламаға белгілері бойынша халқының саны 1,53 миллион адамды немесе қала халқының 16,8 пайызын құрайтын 27 моноқалалар өтті, солардың ішінде 16 қала тиісті аудандардағы әкімшілік орталығы болса, 11 қала аудан орталығы болып табылады, олар: Степногорск, Текелі, Серебрянск, Курчатов, Шахтинск, Сарань, Қаражал, Лисаковск, Арқалық, Ақсу, Жаңаөзен. Олардың бір бөлігі облыстық маңызға ие қалалар болса, енді бір бөлігі аудандардың қосылуына байланысты аудан орталығы мәртебесін жоғалтқандар. Қазақстан моноқалалары санын негізінен халқы 50 мың адамнан тұратын шағын қалалар құрайды, төрт қала — Теміртау, Рудный, Жаңаөзен, Екібастұз бұларға кірмейді, оларда халық саны 100 мыңнан жоғары. 27 моноқалалардың 19-ында қала құрушы кәсіпорындар жұмыс істейді, 5-уінде — жартылай, 3-уінде мүлде жұмыс істемейді. Қарағанды облысында 8 моноқала, Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында 4, Жамбыл мен Павлодапр облыстарында 2 моноқала бар. Елді алғашқы дағдарыс толқыны келіп ұрған кезде одан негізінен халқының экономикалық белсенділігі төмен моноқалалар үлкен зардап шекті. Мысалы, дағдарысқа дейін моноқалалардағы өнеркәсіптік өндірістің үлесі 43-44 пайызды құраса, дағдарыстан кейін бұл көрсеткіш 25 пайызға дейін төмендеп кетті. Жүргізілген жұмыстар аталған қалалардың дамуына кедергі келтіретін себептерді анықтап, қала құрушы кәсіпорындардың, жалпы қалалардың бизнесінің даму жолдарын қарастыруға мүмкіндік берді. Сарапшылар пікірінше, төмендегідей белгілері бар болса, қаланы монопрофильді деп те атауға болады екен, атап айтқанда:
— қалада бір салаға жататын бір немесе бірнеше біртекті кәсіпорындар болса немесе салалық рыноктың тар сегментіне қызмет көрсетсе, ал қаланың басқа кәсіпорындары тек қаланың ішкі қажетін өтеуге иә сонда тұратын адамдарға ғана қызмет көрсетсе;
— қалада қаланың ішкі қажетін өтеуге қызмет көрсететін кәсіпорыннан басқа бір ақтық рынокқа жұмыс істейтін технологиялық тізбекпен байланысқан ел — қала бюджетінің табыс бөлігі бір (немесе бірнеше) ірі кәсіпорынның іс-қызметіне соншалық тәуелді болса;
— қала халқын жұмыспен қамту саласы нашар әртараптандырылса (кәсіби құрам біртекті болса);
— қала едәуір ірі елді мекендерден әжептәуір қашықта орналасса (бұл тұрғындардың жинақылық мүмкіндіктерін төмендетеді), қалада алғашқы екі белгі бар болса немесе қаланы сыртқы әлеммен байланыстыратын дамыған инфрақұрылым (автокөлік жолдары, теміржол, телефон желісі, т.б) жоқ болса.
Қайсыбір түсінікте моноқала сөзі монофильдік қалалық білім, монофильді экономикалы қала, шағын қалалар т.б. осы сынды сөздердің синонимі, ол бізге Кеңес Одағынан «мұраға» қалған. Өйткені дәл сол кезде елдің ірі республикасы аймақтарының бірінің дамуында негізгі салмақ құрылыс пен монопрофильді қалалық білімге, шағын қалалар мен қалалық типтегі поселкелерге салынып, бұлар елдегі салалардың біріндегі базбір кәсіпорынға қатаң телініп, соларға тәуелді болды. Бірінші кезекте назарды шағын қалаларға бөліп, Кеңес басшылары өз кезегінде халықтың монопрофильді қалаларға деген «қызығушылығын» жоғалтпас үшін ірі қалалардың өсуіне үнсіз шектеу қойды. Бірақ, КСРО-ның ыдырауынан кейін оның кеңістігінде жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болып, моноқалалар мәселесі өзекті маңызға ие бола бастады. Көпшілік жағдайда бұл ірі бизнес пен инвесторлар, сондай-ақ қаржылық институттар еш толқусыз мегаполистерді таңдап алып, шағын қалаларды назардан тыс қалдыруына байланысты болатын.
Бұл кезде ауқымды экономикалық дағдарыс ірі бизнестің ірі қалаларда орнығуға деген ниетін одан әрмен күшейте түсті. Соның арқасында жақсы өмірді іздеумен шағын қалаларды тастап, мегаполистерге қоныс аударуға талпынған халықтың көші-қон белсенділігінің артуы туралы мәселе барған сайын жиі көтеріле бастады. Бұл өз кезегінде елдің әртүрлі аймақтарында үйлері «қаңырап бос қалған», инфрақұрылымы қираған, болашағы жоқ «елес-қалалардың» пайда болуына ықпал етті.
Осылайша «моноқала» санатына негізгі белгісі халықтың тұрақты қоныстануымен ерекшеленетін халықтың ықшам өмір сүруі жүйесін жатқызамыз. Заманауи моноқала — әдетте саны 50 мың шамасында тұрғыны бар, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет атқаратын, белгілі дәрежеде дамыған өндірістік базасы бар қала. Оларға инфрақұрылымның жекелеген элементтері мен абаттандыру, көпқабатты құрылыстар, жер телімі жақын орналасқан үй шаруашылығы тән. Моноқалалар территориясы жөнінен біртұтас, халқы ықшам орналасқан, қала халқы үшін керектінің бәрін өндіруге және қала территориясындағы кез келген адамның өмірлік тұтынуын қанағаттандыру үшін қажеттінің баршасымен жабдықталған болып келеді.
Кеңес Одағында елді мекеннің тек экономикалық қана емес, әлеуметтік қызмет те атқаратын, сол арқылы халықтың өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін қала құрушы кәсіпорындармен тығыз байланыстылығы — моноқалалардың өзіндік ерекшелігі болатын. Көп жағдайда қала құрушы кәсіпорындардың жұмысшылары ведомстволық тұрғын үйлерде тұрса, қазандық, балабақшалар, ауруханалар мен білім мекемелері де кәсіпорын балансында болатын. Соған сәйкес әлеуметтік инфрақұрылымдарды ұстап тұруға шығатын шығындар өнімнің өзіндік құнына енгізілетін, бұл оны көпшілік жағдайда нарықтық экономика кезінде бәсекеге қабілетсіз ететін-ді.
Қазіргі уақытта моноқалалардағы жағдайды өзін-өзі айқындау дағдарысы ретінде сипаттауға болады: бір жағынан, қала, сөз жоқ, оның тұрғындары үшін әлдебір құндылық болып саналса, оған көмектесу қажет әрі мүмкін, екінші жағынан, тұрғындардың қала тағдырына жеке қатыспаушылығы ұстанымы жиі бой көрсете бастады. Қалалықтың бетін қалаға бұру керек-ақ, бірақ ол қазірдің өзінде одан тыс қалған.
Моноқалалар мәселесі шын мәнінде әлдебір жоғалтып алған ірі және алып кәсіпорындардың мәселесі болып табылады. Бұл жерде аталған кәсіпорынның шағын иә ірі қалада орналасқандығы маңызды емес.
Бұған тек қабылданатын шаралардың жеделділігі мен мәселенің өткірлігі ғана тәуелді. Ірі қалаларда да, тіпті көп жағдайда қала мәртебесі жоқ шағын елді мекендерде де шамамен бірдей шаралар қабылдануы керек. Егер кәсіпорын жай қала құраушы ғана емес, моноқала экономикасында басымдыққа ие болса, аталған мәселе ерекше өзекті бола түседі. «Бас» кәсіпорын іс-қызметіндегі кез келген мәселе моноқаланың барлығына кері әсерін тигізеді: мәселен, қала бюджетінің табысына, еңбек нарығындағы жағдайға т.б. Қаржы дағдарысы монотерриторияны бүкіл посткеңестік кеңістікте әлеуметтік-экономикалық мәселеге айналдырды да, халықты жағдайдың аманаттары етті.
Шетелдік мемлекеттердің тәжірибесі моноқалалар мәселесінің негізгі шешімі олардың экономикасын әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру, экономиканың шикізаттық емес салаларын дамыту екендігін көрсетіп отыр. Моноөнеркәсіптік қалаларды қайта құру саласында Германияның тәжірибесі айтарлықтай қызығушылық тудырады. Атап өткен жөн, моноқалаларды жаңғыртудың кешенді бағдарламаларын жасаумен Германияда айтарлықтай талдау және ұйымдастырушылық күш-қуатқа ие, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қаржылық шеңберлерде беделі бар ірі консалтингтік фирмалар айналысады. Осындай ірі құрылымдардың біріне бірнеше ондаған жылдар бойы моноқалаларды қайта құру мәселесімен айналысып келе жатқан ASP (Альберт Шпеер және серіктестері) жатады.
Жалпы орын алған мәселені шешудегі әлемдік тәжірибе мен талдауды есепке ала отырып, Бағдарлама аясында моноқалаларды приотеризация әдісімен үш бағыт бойынша мемлекеттік қолдау көрсету шаралары қабылданатын болады. Бірінші бағыт: моноқалаларды тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның өндірістік сыйымдылығына қатысты оңтайландыру. Аталған бағыт аясында әрбір моноқаланың экономикалық күш-қуаты, оларды дамытуға кері әсер ететін факторлар, сондай-ақ моноқалаларды болашағы зор жаңа мамандандыру жағы анықталатын болады.
Екінші бағыт: моноқалалар халқын еңбекпен қамтудың тиімді құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандырып, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту. Аталған бағыт аясында Бағдарламаны іске асыруда жергілікті атқарушы органдар индустриялық-инновациялық іс-қызметке мемлекеттік қолдау көрсету саласындағы құзырлы органдармен бірлесе отырып әрбір моноқалада жүзеге асыру үшін 1-3 «зәкірлік» (якорлық) инвестициялық жобаларды таңдап алатын болады.
Үшінші бағыт: моноқалалардың еңбек ресурстарының оңтайлылығын көтеру, халықты әлеуметтік-экономикалық даму күш-қуаты жоғары елді мекендер мен экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен қоныс аударуға ынталандыру. Бұл бағыт халықтың еңбекпен қамтылуына ықпал ететіндей белсенді шараларды іске асыру жолымен еңбек ресурстарының оңтайлылығын көтеру шараларын қарастырады. Бұл оқыту және моноқалалар тұрғындарын еңбекке орналастыруға көмек көрсету, сондай-ақ, моноқалалар жастарының техникалық оқу мекемелері мен кәсіби білім салаларында оқуына жағдай жасау. Моноқалалардың тұрғындарын оқыту мен еңбекке орналастыруғакөмектесу, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарды еңбекке орналастыруға ықпал ету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 18 шілдесінде бекіткен №815 қаулысына сәйкес, оқуды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелері аясында жүзеге асырылады.
Төртінші бағыт: моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың тиімді санын есепке ала отырып дамыту. Бюджеттік шығындардың тиімділігін арттыру мақсатында моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту оларды дамытудың ұзақмерзімдік болашағын ескере отырып, моноқаланың даму күш-қуаты дәрежесіне байланысты іске асырылатын болады. Әлемдік тәжірибе мәселені шешудің екі жолы бар екенін көрсетеді. Біріншісі (американдық) — қашан тұрғындар жұмыс бар басқа жерлерге қоныс аударғанда. Сол кезде қала ауқымы қысылғанымен, қала өзінің қалалық қызметін сақтап қалады. Екінші жол (еуропалық) — бұл территорияны санациялаудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламалары.
Оған экологиялық тазарту, инфрақұрылымды дамыту жобалары мен ескі салаларда жұмыс істейтіндерді жаңа мамандықтарға оқыту кіреді. Қазақстан үшін мәселені шешудің төмендегідей жолдары анағұрлым тиімді сынды: біріншісі — мемлекеттің ауқымды көмегімен, екіншісі — қала қызметінің эволюциясы. Бірінші жол бойынша моноқаладағы жұмыс істемей тұрған кәсіпорындарды жаңа бизнесті дамыту үшін дайын өндірістік алаң ретінде пайдалануға болады. Мұндай жағдайда мемлекетке аталған территорияға кәсіпорынды тарту үшін бірқатар жеңілдіктер беруге тура келеді. Екіншісі — қала өзінің негізгі қызметін ауыстырады.
Негізгі кәсіпорынды жапқан кезде, ол өндірістік мәртебесін жоғалтады, бірақ ауылдық жердің орталығы болып қала береді. Моноқалалар мәселесі тез шешіле қоймайды. Бұл жерде тұрғындардың өздерінің атқаратын ролі зор. Оларға да тәуекелді бағалап, бейімделудің өздеріне тиімді отбасылық стратегиясын табуға тура келеді.
АҚШ-та моноқалалардың мәселесі (company towns) 130 жылдан бері бар. Дамыған елдерде индустриаландыру кезеңінде бір ірі өндіріс немесе бірыңғай өндіріс топтарының маңында қалалар пайда болатын. Классикалық мысал – Детройт қаласы, автокөлік саласы. Көмір өнеркәсібі, металлургия басым болған қалалар да болған. Моноқалалар мәселесі алдыңғы ғасырдың 70-жылдарында өткір болды.
Өнеркәсіптік өндірістің кенет құлдырауымен шарпылған территориялар АҚШ-та «Тат белдеуі» (Rust Belt) атауына ие болды. Америкада бұл мәселені моноқалалардың тұрғындары баспаналарын сату және жұмыс бар жерлерге көшу арқылы шешті. Яғни, мәселені шешуге халықтың жоғары жұмылғыштығы көмектесті. Еуропалықтар үшін бұл жағдай аса тән емес, олар тұрған жерлеріне анағұрлым үйірлі болып келеді және оларда территорияларды сауықтырудың басқа стратегиялары басым болды.
Моноқалалардың құлдырауымен күрестің американдық стратегияларын екі санатқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі өсуді қолдауға, екіншісі шығындарды қысқартуға бағытталған. Өсуді қолдау өзіне салықтық жеңілдіктері немесе әрбір қабылданған қызметкер үшін субсидиялары бар кәсіпкерлік аймақтарын (enterprise zones) құруды қосады. Өсуді қолдаудың басқа варианты – бұл туристік орталықтарды (казино, сауда орталықтарын, аттракциондарды) қалыптастыру.
Қазақстанда «моноқалалар» – бұл өнеркәсіптік өндірістің және жұмысқа қабілетті халықтың негізгі бөлігінің (20% және одан көп), әдетте, бір профильдегі және шикізаттық бір бағыттылықтағы бір немесе бірнеше қаланы құраушы кәсіпорындарда шоғырланатын қалалар, бұл кәсіпорындар қалада болып жатқан барлық экономикалық және әлеуметтік үрдістерді анықтайды. Моноқалалар санатына халқының саны 10 мыңнан 200 мыңға дейінгі адамды құрайтын және келесі белгілермен сипатталатын қалалар қосылған:
1) қаланың қала құраушы кәсіпорындарының, негізінен өндіруші сектордағы кәсіпорындардың өнеркәсіптік өндірісінің көлемі жалпықалалық өндіріс көлемінің 20%-дан астамын құрайды (мономамандандырылу);
2) қала құраушы кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған халықтың жалпы көлемінің 20%-дан астамы жұмыс істейді;
3) қала құраушы кәсіпорындар жарым-жартылай жұмыс істейтін немесе өз қызметтерін тоқтатқан қалалар.
Бұл ретте, көптеген моноқалаларға осы қалалармен экономикалық тұрғыда тығыз байланысты қала маңындағы кенттер мен ауылдық елді мекендер әкімшілік бағыныста болып келеді.
Моноқалалардың дамуы 2012–2020 жж. арналған моноқалаларды дамыту Бағдарламасымен реттеледі.
Қазақстанда 27 моноқалалардың 16 қаласы сәйкес аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады. 11 қала аудандардың орталықтары емес – Степногорск, Текелі, Серебрянск, Курчатов, Шахтинск, Сарань, Қаражал, Лисаковск, Арқалық, Ақсу, Жаңаөзен. Олардың бір бөлігі облыстық маңызы бар қалалар (Степногорск, Текелі, Балқаш, Жезқазған, Сарань, Қаражал, Сатпаев, Теміртау, Шахтинск, Арқалық, Лисаковск, Рудный, Жаңаөзен, Ақсу, Екібастұз, Курчатов, Риддер, Кентау қалалары) болып келеді, ал басқа бір бөлігі аудандардың бірігуі нәтижесінде аудандар орталығы дәрежесін жоғалтты.
Қазақстанның моноқалаларының тізімін негізінен тұрғын халқы 50 мыңға дейінгі шағын қалалар, және халқының саны 100 мыңнан асып түсетін төрт орташа қала – Теміртау, Рудный, Жезқазған, Екібастұз қалалары құрайды.
Қазақстанның моноқалаларының типологиясы:
1. Қалалар – өнеркәсіптік орталықтар:
1) кен өндіруші өнеркәсіптері басым болып келетін қалалар – 20 қала:
- көмір өндіру – Абай, Сарань, Шахтинск, Екібастұз;
- мұнай мен газды өндіру – Ақсай, Құлсары, Жаңаөзен;
- металл рудаларын өндіру – Арқалық, Балқаш, Зыряновск, Қаражал, Кентау, Лисаковск, Риддер, Рудный, Текелі, Хромтау;
- басқа шикізат түрлерін өндіру – Жаңатас, Қаратау, Жетіқара.
2) өңдеу өнеркәсібі басым болып келетін қалалар – 6 қала:
- химия өнеркәсібі – Серебрянск;
- машина жасау, металлургия өнеркәсібі (алтын), уран өндіру – Степногорск;
- металлургия өнеркәсібі – Ақсу, Жезқазған, Сатпаев, Теміртау.
2. Ғылыми-өнеркәсіптік орталық (1 қала) – Курчатов.
2012 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен қабылданған Моноқалаларды дамыту бағдарламасы экономиканы әртараптандырудан, монобағыттылықтан ақырындап ауысуды, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы халықты жұмыспен қамту, сондай-ақ жаңа өндірістер құрудан тұрады. Егер өткен жыл аталған құжатты жүзеге асыруда пилоттық болса, ал биыл моноқалалардың өзекті мәселелерін шешу жүйелі негізге қойылған. 2013 жылы бағдарлама аясында барлық жобаларды жүзеге асыруға Үкімет 18,8 млрд теңге бөлді.
Басты мақсатқа бірнеше бағыт бойынша қозғалу арқылы жетуге біл будық. Бірінші тапсырма – тұрақты жұмыс жасайтын, бұрын қала құрушы кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығына байланысты моноқалаларды оңтайландыру.Мұнда біз моноқалаларды бас дамыту жаңа жоспарларын құрудан бастадық. Әр осындай құжат қаланың әлеуметтік және инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым қалай, қай жерде және қандай мөлшерде жетілдірілуі тиіс екенін нақты көрсетуге бағытталған. 20 қала бойынша мұндай ба жоспарлар қабылданған, 4 қала (Хромтау, Құлсары, Саран және Арқалық) бойынша жаңару процесінде, қалғандарында жұмыс енді дайындалып жатыр. Бұл тұрғыда жергілікті атқарушы билік жұмысының нәтижелері ҚР Премьер-министрінің сынына ұшыраған болатын. «2012 жылдың және биылғы жылдың талдауы көрсеткендей, көбіне әкімдердің назары осы бағдарлама шеңберінде инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға шоғырландырылған. Оған қоса, бағдарламаның негізгі бағыттарына – осы қалалардың экономикасын әртараптандыру және кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыс орындарын құруға, шағын және орта бизнесті дамытуға жеткілікті көңіл бөліндейді. Тек қана осындай жағдайда тиімді нақты жұмыс орындары құрылып, соңында олар осы қалалардың дамуына бағытталады», - деп мәлімдеді ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов. Экономиканы әртараптандыру және ШОБ-ті дамыту – Моноқалаларды дамыту бағдарламасының екінші бағыты. 2013 жылы бизнесті дамытуға 4,7 миллиард теңге қарастырылған. Шын мәнінде, әзірге 1 миллиард теңгеден астамы ғана игерілген. Жұмыстың осы секторы, Серік Ахметовтың айтуынша, үлкен мәнге ие, өйткені тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға негізделген. «Көптеген моноқалалардың өзекті мәселесі қазіргі уақытта жұмыстың болмауы, және оның жұмыссыздықтың жоғары деңгейі және өзін-өзі қамтыған халықтың қарыздары сияқты салдары болып табылады. Жұмыссыздық деңгейінің жоғары көрсеткіштері республика бойынша деңгеймен салыстырғанда Арқалық (9,4%), Кентау (8,7%), Ақсу (7,9%) қалаларында байқалуда», - деп атап өтті ҚР өңірлік даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ҚР Үкіметі отырысында Моноқалаларды дамыту бағдарламасын орындау туралы баяндамада сөйлеген сөзінде. Қала тұрғындарының мәселесін шешу үшін жерлердегі билік өкілдері ірі өңірлік жобаларды құруға ниетті. Қала әкімдерінің алдына жаңа жұмыс орындарын құрумен кем дегенде бір зәкірлі инвестициялық жобаны іске қосу бойынша жеке тапсырмалар қойылған. 2020 жылға дейін 25 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен және 950 миллиард теңгеден астам инвестициялардың жалпы көлемімен 47 жобаны ашу және іске қосу жоспарланған. Степногорск, Балхаш, Екібастұз, Хромтау, Жезқазған және Арқалықта 9 жоба іске қосылып, өз жұмыстарын бастады. «Әкімдіктер «Даму» КДҚ-мен бірге бағдарлама аясында барлық 27 моноқалада кәсіпкерлікті қолдау орталықтары құрылған, солар арқылы мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәлімет ұсыну жоспарланған, сонымен қатар кәсіпкерлікке халықтың белменді бөлігін тарту көзделген. Мысалы, тек қана аталған Бағдарлама бойынша орташа және төмен әлеуеті бар қалаларда егер кәсіпкер банкте несиені 14%-бен алатын болса, біз 10%-ға дейін субсидиялаймыз. Яғни, ол 4% айырмашылықты өтейді», - деп ҚР өңірлік даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев. Бағдарлама аясындағы үшінші бағыт, ол жерлердегі істер жағдайын толығымен өзгертуге – еңбек ресурстарының тұтастығын арттыруға мүмкіндік береді. Осы бағытта биліктер экономикалық өсудің орталықтарын – дамудың тартымды әлеуеті бар қалаларды анықтауға сенім артады. Тағы бір айта кетерлігі, төртінші бағыт әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды толығымен жетілдіріп, тұрғындардың жайлы тұруына жағдай қалыптастыруға бағытталған. Өңірлік даму вице-министрінің айтуынша, қазақстандық моноқалалардың одан әрі әл-ауқатын арттыруда Германия, АҚШ сияқты елдердің халықаралық тәжірибелері ескерілетін болады. Негізінде бір-екі кәсіпорынның әл-ауқатына тәуелді шағын қалалардың мәселелері барлық дүние жүзінде кездеседі. Сондықтан, қиындықтарды шешудің жағымды тәжірибесін біліп, оны қолдану артық етпейді. Мысалға, АҚШ тәжірибесі бойынша қандай да бір шығындарды өтей отырып ірі қалалардың бизнесін моно және шағын қалаларға ынталандыру. Немесе, бизнес инфрақұрылымды – қоймаларды, сақтау орындарын және т.б. пайдалануға жалдау ақысын өтеуге көмектесу. Бағдарламаны жаңа құралдармен толықтыру күтілуде, нақты айтқанда шағын және орта бизнесті дамыту тұрғысында. Жалпы алғанда, жоғарыда аталған жүйелік шараларды толық масштабтық жүзеге асыру экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту арқылы моноқалалардың нақты мәселелерін шешуге мүмкіндік береді, деп есептейді Өңірлік даму министрлігі. Бағдарламаға енгізілген тұжырымдамалық өзгертулерге қатысты 2013 жылдың аяқталуана қарай екінші пакетпен енгізу күтілуде. «Моноқалалар мен облыс әкімдері қалалардың экономикасын әртараптандыру, перспективалық инвестициялық зәкірлі жобаларды жасау, сондай-ақ серіктес бағдарламалармен, жүйе жасайтын кәсіпорындармен бірге жергілікті өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдасын. Сонымен қатар, бағдарлама аясында бөлінген бюджеттік қаражатты уақытылы игеруді қамтамасыз ету қажет», - деп тапсырды ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов Моноқалаларды дамыту бағдарламасының орындалуын талқылаудың қортындысын жасай келіп.
Моноқала – бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтынкәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған қала.
Моноқалалар санатына тұрғындарының саны 10 мыңнан 200 мыңға дейін адамы бар:
қаланың негізінен өңдеу секторының қала құраушы кәсіпорындарының өнеркәсіп өндірісінің көлемі жалпы қалалық өндіріс көлемінің 20 пайыздан астамын құрайтын (мономамандандыру);
қаланың қала құраушы кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған халықтың 20 пайыздан астамы жұмыс істейтін;
қала құраушы кәсіпорындары жартылай істейтін немесе мүлдем істемейтін өлшемдердің бірімен сипатталатын қалалар кіреді.
Бұл ретте көптеген моноқалаларға қаламен экономикалық тығыз байланыстағы қала маңындағы кенттер мен ауылдық елді мекендер әкімшілік бағыныста.
Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта (2012 ж) қала мәртебесі бар 86 елді мекеннің 27-сі моноқала болып санылады.
Қазақстандағы моноқалалардың тізбесін негізінен халық саны 100 мыңнан асатын 4 қаланы (Теміртау, Рудный, Жаңаөзен, Екібастұз) қоспағанда халық саны 50 мың адамға дейін шағын қалалар құрайды.
Қалалардың, олардың салалық құрылымдарының экономикалық базаларын талдау, негізгі қала құраушы кәсіпорындар туралы деректер қалаларды мынадай үш функционалдық типке бөлуге мүмкіндік берді:
1. өндіру өнеркәсіптері басым дамыған – 21 қала:
көмір өндіру – Абай, Сораң, Шахтинск, Екібастұз;
мұнай және газ өндіру – Ақсай, Құлсары, Жаңаөзен;
металл кенін өндіру – Арқалық, Балқаш, Зыряновск, Қаражал, Кентау, Лисаковск, Риддер, Рудный, Текелі, Хромтау;
шикізат ресурстарының өзге түрлерін өндіру – Жаңатас, Қаратау, Жітіқара;
2. өңдеу өндірісі басым дамыған 6 қала:
химия өнеркәсібі – Серебрянск;
машина жасау, металлургия өнеркәсібі (алтын), уран өндірісі – Степногорск;
металлургия өнеркәсібі – Ақсу, Жезқазған, Сәтбаев, Теміртау;
3. ғылыми-өнеркәсіптік орталық – Курчатов қаласы.
1. Қала құраушы кәсіпорындардың ағымдағы жағдайларына қарай моноқалалар мынадай болып бөлінеді:
қала құраушы кәсіпорындар жұмыс істейтін моноқалалар (19 қала) – Абай, Ақсай, Ақсу, Балқаш, Жаңаөзен, Жезқазған, Жітіқара, Зыряновск, Қаражал, Құлсары, Курчатов, Лисаковск, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Теміртау, Хромтау, Шахтинск, Екібастұз;
2. қала құраушы кәсіпорындар ішінара жұмыс істейтін моноқалалар (5 қала) – Арқалық, Жаңатас, Қаратау, Сораң, Степногорск;
3. қала құраушы кәсіпорындар мүлдем жұмыс істемейтін қалалар (3 қала) – Кентау, Серебрянск, Текелі.
Елімізде шағын қалалардың дамуы жоғарыдағы шенеуніктердің назарынан шыққан емес. Алайда, қанша қаражат құйып, экономикасын өрлетеміз десе де, қайраңға түскен балықтай қозғалар емес. Тіпті, шағын несие беру процесінде де бірталай олқылықтар орын алыпты. Оңалтудың орнына ойрандап, ойсыратып барамыз, - дейді депутаттар. Өңірлердегі ірі халқы тығыз моноқалалардағы қаражаттың құмға сіңген судай құрдымға кеткенін тілген тиек еткен Парламент Мәжілісінің депутаты Серікжан Қанаев қордаланған күрделі жайды ақпарат құралдарына ақтарып тастады. Елбасы міндеттеп, Министрліктің құзырына тапсырылған іс неліктен аяқсыз қалды? Құзырлы органдар моноқалалардың 2012-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын қаншалықты орындауда? Халық саны әлдеқайда тығыз қалалар неліктен моноқалалардың мемлекеттік бағдарламасына енгізілмей қалды? Халық қалаулысы қозғаған тақырыптағы қарынды ашырар жайды қаламның ұшымен талдауға бекінген едік...
Депутат Серікжан Қанаевтың келтірген дәлелді деректеріне жүгініп, оқырмандарымыздың ой елегіне салсақ.. Халық қалаулысы моноқалалардың инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған қаражаттың желге ұшқанын жеріне жеткізе айтты. Сонымен қатар мемлекеттен арнайы бөлінген шағын және орта кәсіпкерлікке жол ашатын шағын несиелер де өз иелерін таппаған сыңайлы. Парламенттің Мәжілісінде Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі моноқалаларды дамыту бағдарламасын талқылау кезінде сөйлеген депутаттың сөздері Министрліктегілерді де дір еткізді.
Серікжан Қанаев, Парламент Мәжілісінің депутаты:
- Біз моноқалалардың халқын шағын несиелеуге қатысты мәселелердің шешілетінін әлдеқашан айтқанбыз. Жалпақ әлемге шағын несиелеуге қомақты гранттар бөлеміз деп жалпақ әлемге жар салдық. Ал сонымен не болды? Міне менің қолымда соңғы тізімдеме. Атырау облысында Күлшары мен Маңғыстауда Жаңаөзен қаласында 2012 жылдан бастап 3 және сәйкесінше 5-ақ несие берілген. Қарағанды облысында 8 моноқалаға, Алматы облысында Текелі қаласына, Павлодар облысында бір де бір несие берілмеген. Бір қарағанда жақсы бағдарлама сияқты, қаражат берілген, бірақ сол уақытта орындалып игерілмеген.
Бағдарламаға сәйкес миллиардтап қаржы шығындалған моноқалалардың экономикасы алға жылжудың орнына тұралап қалуына не себеп? Депутат бұл жайды да сын садағына алды. 12 моноқалаларда өндіріс көлемі өсудің орнына керісінше құлдилап, жұмыссыздық деңгейі еселеп артқан. Әсіресе, бағдарламаға сәйкес қомақты қаржы бөлінген Арқалық, Жаңатас, Курчатов, Зыряновск, Серебрянск, Степногорск, Балқаш, Сарань, Теміртау, Ақсу, Жетіқара және Қаратау моноқалаларының экономикасы төмендеп кетті. Ала жаздай ән салып, қытымыр қыс келгенде қандай инженерлік инфрақұрылымды жасай аламыз, - дейді депутат. Экономикадағы дағдарыс дамуға тежеу жасады. Алайда, соған қарай қаражат та бөлінгені рас. 48 бірдей қанатқақты «якорлы» жоба құрылды деп жаһанға жария еттік. Бірақ есеп берген министрліктің өзі соның тек 14-і ғана жүзеге асырылғанын жариялады. Жартысы 50 жобалық қуатқа жетіпті-мыс. Сонда егер оның өнімі қажеттілік туғызбаса, шынымен пилоттық жаңа жобаны жасап қажеті не еді? Бұл сауалды депутат та нығарлап қойды. Ұлттық экономиканың вице-министрі басқа пікірде. Министр орынбасарының сөзіне сенсек Қазақ елінің барлық моноқалаларында шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасалған. Бүгінге дейін 979 миллион теңге шамасындағы 437 шағын несие беріліп үлгерген. Сонымен қатар, 224 миллион теңге сомасындағы 93 грант бөлініп беріліпті. 833 миллион теңге сомасындағы несие бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау үшін 267 бірдей жоба мақұлданыпты-мыс. Қайырбек Өскенбаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономиканың вице-министрі:
- Бағдарламадағы басым бағыттарының бірі моноқалалардағы шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Бұл үшін мемлекеттен қолдау түрінде 10 пайыздық ставкада субсидиялау түрінде механизмдер қарастырылған. Сондай-ақ жаңа өндіріс орындарын құруға 3 миллион теңге грант бөлінген. Министр орынбасарының сөзіне жүгінсек моноқалаларға республикалық бюджет есебінен 9,9 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның 4,9 миллиарды биыл игерілсе, 2015 жылы 5 миллиард теңге қаражат жоспарланыпты. Сонымен қатар, министрдің орынбасары қазіргі уақытта елімізде жалпы саны 1,5 миллион адам тұратын 27 моноқалалардың бар екендігін тілге тиек етті. Министрліктің есебінше, олардың алтауы әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары деңгейіне көтерілсе, 19-ы орташа және 2-і төменгі дейгейде орналасқан. Осы орайда тағы бір заңды сұрақтың шеті өз-өзінен қылтияды. Неліктен тек 27 шағын қала ғана мемлекеттің шапағатына ие болмақ? Қалған шағын қалалар қаражат қарастырылатын моноқалалардың тізіміне неге ілікпей қалды? Бұл өткен жылдардан бері келе жатқан өзекті сауалдардың бірі. Төмендегі кестеде біз моноқалалар жайлы сараптаманы топтастырдық.
41 қала моноқалалар тізіміне енбей қалған. Мұның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы мен Қызылорда облысы тізімге мүлде енбей құралақан қалыпты. Әлеуметтік-эконоикалық жағдайы тұралап, өндірісі өркен жая алмаған шағын қалалардың сонда жазығы не? Яғни, бұл қалалардың инфрақұрылымы мен жолдары, байланысы мен құрылысы, өнеркәсібі мен өндірісі адыра қалады деген сөз бе? Үкімет моноқалаларға кірмеген шағын қалаларға да көңіл бөлінетін болады деп сендірмек болды. Алайда, моноқалалар тізіміне енбеген қалалар жөнінде арнайы бағдарламаның болмауы бұл мәселенің түйінін тарқата ала ма?
Өткенге көз жүгіртіп көрейікші. 2004-2006 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту бағдарламасы жұмыс істепті. Оған еліміздің 60 шағын қалалары енген. Ал дәл қазіргі сәтте 41 қала бұл тізімнен де ада қалып тірліктері таяздалып қалған. Бәлкім оларға да арнайы бағдарлама қарастырылса, олар да қоғамға елеулі пайда келтірмей ме? Өнеркәсібі өркендеп, әлеуметтің әлеуеті артса, мемлекеттің де жағдайы жақсарары анық емес пе?!. Қазіргі таңда тізімге енбеген 41 шағын қалада 966 мың тұрғын өмір сүруде. Бұл еліміздегі халықтың 9 пайызын құрайды. Қалай десек те, елімізді өркендету мен дамыту жолындағы ұлы істің орта жолда қалмай жөнімен жүргізілсе жөн болар еді дейсің. Әрине, біздікі тек ой қосып ортаға тастау. Ал, істі орындап, жөніне келтіру жоғарыдағы шенділердің еншісінде екені сөзсіз.