Дүйсенбі күні Астана әкімі, «Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әділбек Жақсыбеков үлттық компанияның жаңа ұйымдастырушылық құрылымын таныстырды.
«Жақсыбеков компания ұжымына басқарма төрағасының жаңа орынбасары Марлен Жакежановты таныстырды, ол заң департаментіне, тәуекел менеджементі мен корпоративтік басқару, бухгалтерлік есеп пен есеп жүргізу, экономика мен бюджеттік жоспарлау департаменттеріне жетекшілік етеді», — деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017″ баспасөз қызметі.
Жаңа құрылымға сәйкес, басқарма төрағасының орынбасары Владимир Лютов сәулет, құрылыс, қауіпсіздік, жаңа технологиялар және IT үшін жауапты болады. Басқарма төрағасының орынбасары Алмас Жаманбеков сатып алулар, нысандарды пайдалану және операциялық сервистермен жұмыс істейді.
Басқарма төрағасының орынбасары Вера Кобалия істі жылжыту, халықаралық қатысушылар мен туристерді тарту, коммерцияландыру және демеушілік, контент пен көрмеден кейінгі пайдалану мәселелеріне жетекшілік етеді.
Александр Суворов өз қалауы бойынша басқарма төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Ұлттық экономика департаменттері өзгеріссіз қалды, тек бірақатар құрылымдық бөлімшелер біріктіріліп отыр.