Синоптиктер Алматыда және Алматы облысында нөсер жаңбыр салдарынан тасқын болуы, сел жүруі жөнінде ескерту жасады.
«Таяудағы тәуліктерде күшті жаңбыр жауып, Алматы облысының кейбір тау өзендерінде жаңбыр тасқыны, сел жүруі күтілуде», - делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Осыған байланысты Алматы ТЖД тұрғындарды, қала қонақтары мен туристерді таулы жерлерге бармауға және төтенше жағдайларға жол бермеу үшін қауіпсіздіктің барлық шараларын алуға шақырады.