$ 498.34  519.72  4.85

Жолаушылардың сұранысы бойынша қосымша бірнеше пойыз өз жұмыстарын бастады

Қазақстандықтардың сұрауы бойынша қосымша бірнеше пойыз жүретін болды, - деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Қарағанды-Жезқазған" бағытындағы №634/633 жолаушылар пойызы 2 шілде-30 тамыз аралығында аптасына екі рет қатынайтын болады. Сонымен қатар, "Алматы-2-Арыс-1" бағытындағы №61/62 жолаушылар пойызы 17 шілдеден 28 тамыз аралығында аптасына бір рет қатынайды.

"Алматы-1-Аягөз" бағытындағы №453/454 жолаушылар пойызы 19 шілдеден бастап бекітілген кесте бойынша жүре бастайды. Сонымен қатар, 23 "Тұлпар-Тальго" вагонынан жасақталған №502/501 "Астана-Алматы-2" бағытында бір реттік жүрдек пойыз тағайындалды, ол Астанадан 28 маусымда сағат 21.28-де аттанып, Алматы-2 станциясына 29 маусым күні сағат 12.07-де жетеді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, қосымша ақпараттар алу үшін теміржол вокзалдарының анықтама қызметері мен "105" бірегей анықтама қызметіне хабарласуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары