$ 449.58  486.94  4.86

Байқоңырдағы мектептер Қазақстан қарауына өтіп жатыр

Парламент сенаты бүгін Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасындағы Байқоңыр қаласындағы білім мекемелерін өткізу туралы келісімді мақұлдады.

Келісім бойынша, Байқоңырдағы алты мектеп пен бір балабақша Ресей қарауынан Қазақстан қарауына өтеді.

Парламентте сөйлеген білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жаңа оқу жылынан бастап Байқоңыр мектептерінде Қазақстанның мемлекеттік білім беру стандарттарымен оқытыла бастайтынын айтты. Қазақстан қарамағына өткен мектептер мен балабақшаны республикалық бюджеттен қаржыландыру қарастырылған.

Бұған дейін Байқоңыр мектептерінде Ресей бағдарламасы бойынша білім берілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары