$ 446.49  475.38  4.79

Астанада «Нұр Сұңқар» сыйлығының иегерлерi марапатталды

Кеше Астанада «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына арналған журналистер арасында «Нұр Сұңқар» сыйлығын табыстау рәсiмi өттi. Жеңiмпаздардың әрқайсысы 1 миллион теңгеге ие болды.

Жыл сайын «Нұр Отан» партиясының ұйымдастырылуымен өтетiн байқауда тоғыз аталым бойынша жеңiмпаздар анықталды. Биылғы жылдың басты ерекшелiгi - тағы екi аталымның қосылғаны. Ол - Жемқорлыққа қарсы күрес iсiне қатысты ең үздiк материал мен ең үздiк радиожурналистерге берiлетiн "Қоғам дауысы" аталымдары. 

Биыл «Көзқарас  - ең үздік блогер» аталымындағы «Нұр Сұңқар» сыйлығы белгілі қазақстандық блогер Тимур Кубековке бұйырды. 
"Мұнайлы Астана" газетiнiң редакторы Смадияр Құттыгерей мен "Наш Костанай" басылымының редакторы Александр Кузмичев «Аймақ айнасы» аталымы бойынша жеңiмпаз атанды.
Республикалық «Казахстанская правда» газетінің шолушысы Юлия Магерге газет-журналдардың ең үздік журналисі ретінде "Сөз шеберi" аталымы бойынша «Нұр Сұңқар» сыйлығы табыс етілді. 
«Қазақстан» телеарнасының «АПТА.КЗ» сараптамалық бағдарламасының басшысы Еркiн Таңатқанұлы «Ерекше пікір» аталымы бойынша ең үздік телевизиялық журналист ретінде танылды. 
«Хабар» агенттiгiнiң басқарма төрағасы Айдос Үкiбай «Нұр Сұңқар» байқауының «Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі үшін» номнинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар "Нұр Отан" партиясының қызметiне қатысты ең үздiк материалы үшiн «Нұр Сұңқар» сыйлығының лауреаты болып "Астана" телеарнасының меншiктi тiлшiсi Ирина Якунина аталды. 
«Baq.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы Серғали Балажан «Медиа-профи» аталымы бойынша «Нұр-Сұңқар» сыйлығын иеленді. Жемқорлыққа қарсы күрес iсiне қатысты ең үздiк материал аталымы бойынша "31 телеарна" арнасының шеф-редакторы Гүлбану Аюпова жеңiмпаз атанды. Биыл жаңадан қосылған ең үздiк радиожурналистерге берiлетiн "Қоғам дауысы" аталымында "Орда FM" директоры Азамат Исаев пен Қазақ радиосының "Қайырлы таң" бағдарламасының редакторы Құралай Жұмахан үздiк деп танылды. 
Ашылу салтанаты рәсімінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады. «Нұр Сұңқар» сыйлығының мәртебесi жылдан жылға артып келедi. Журналистерден келетiн өтiнiштердiң саны да артуда. Бiр айта кетерлiк жайт, биыл келген материалдардың 65 пайызы қазақ тiлiнде жазатын журналистерден келiп отыр. Ал 70 пайызы бiздiң өңiрлерден келiп түстi», - деп атап өттi ол.  
«Журналистердi, БАҚ қызметкерлерiн алда келе жатқан мерекелерiңiзбен құттықтаймын!», - дедi Б. Байбек. 
Биылғы жылы еліміздің барлық аймағынан «Нұр Сұңқар» байқауына 220 өтініш келіп түсті. Байқауға Елбасы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған міндеттердің жүзеге асырылуын, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басымдықтарын, «Нұр Отан» партиясы Доктринасының қағидаларын, сондай-ақ партиялық бастамаларды жан-жақты көрсеткен еңбектер қабылданды. 

ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары