Осыдан біршама уақыт бұрын баспасөз беттерінде белгілі футболшы Криштиану Роналдудың қасиетті Құран Кәрімді тұпнұсқасынан оқып үйреніп жүргені жайлы жаңалық жарияланған еді.
Айтулы аяқдоп шеберінің командаластары оның бос уақытын үнемі Құран тыңдауға арнайтынын айтады, деп жазады muslim.kz
Бұл үшін ол көбіне Германия құрамасының ойыншысы Месут Өзилмен кездесіп, оның оқығанын сүйсіне тыңдайтын көрінеді.
Месут Өзил де оның Құран кәрімді тыңдағанды қатты жақсы көретінін жеткізеді. Сондай-ақ, оның ең жақсы көретін сүресі Құранның алғашқы сүресі «Фатиха» көрінеді.
Осылайша, қасиетті Құран тыңдауды әдетке айналдырған Роналду әлемнің барша мұсылмандарын келіп жеткен Рамазан айымен құттықтап, өз лебізін Фейсбук парақшасына орналастырыпты. Онда «Әлемнің барлық мұсылмандары үшін Рамазан айы мүбәрак болсын!» делінген.