$ 449.58  486.94  4.86

Шымкенте қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды

Шымкенттегі Қабанбай батыр көшесінің бойындағы № 13 үйдің жанындағы қоқыс жәшігінен өлі нәрестенің денесі табылды деп хабарлайды otyrar.kz

Тұрмыстық қалдықты тастауға келген жергілікті тұрғын жаға ұстатар жағдайды көріп, дереу полицияға хабар берген. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары тұрғындардан сұрау жүргізді. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары