$ 498.34  519.72  4.85

Уимблдонда теракт қаупі төніп тұр

Лондон полициясы Уимблдонға теракт қаупі төніп тұрғанын хабарлады. Осыған орай құқық қорғау органдары қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости. Айта кетейік, шара 29 маусымда басталады.

Скотланд-Ярд өткізілетін шарадағы қауіпсіздікпен шындап айналысып жатыр. Бұл полицияның терактің болу қаупін жоғары деп бағалайтындығының көрінісі. Уимблдон өтетін стадион аумағында полицейлердің қосымша жасағы болады, соның ішінде "жоғарғы дайындықты" бөлімше кез келген төтенше жағдайды назардан тыс қалдырмайды.

Қауіпсіздік шарасы Тунистегі 40 адамның өліміне алып келген терактан кейін күшейтіліп отыр. Бұл шабуылды ИМ ұйымы мойнына алды.

Уимблдон 12 шілдеге дейін жалғасады. Турнирде Қазақстанның атынан Ярослава Шведова, Александр Недовесов, Юлия Путинцева, Михаил Кукушкин және Зарина Дияс өнер көрсетеді. Шараның алғашқы күнінде Дияс пен Путинцева кортқа шығады. Қазақстанның бірінші ракеткасы шараның 24-ші ракеткасы, италиялық Флавией Пеннеттамен ойнайды. Путинцева алғашқы матчын Марина Эраковичке қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары