$ 448.15  483.46  4.86

Үлкен Алматы каналы үлкен демалыс орнына айналды

Үлкен Алматы каналы 7 жылғы жөндеу жұмыстарынан кейін әсем демалыс орнына айналды. Енді мұнда үш жағажай ашылып, тұрғындардың игілігіне берілмек. Күрделі жөндеуге қала бюджетінен 400 миллион теңге жұмсалыпты.

Дінмұхамед Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының қалаға кіретін бөлігі 23,1 шақырымды құрайды. 80-ші жылдардан кейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеген өзен аңғарына шомылуға тыйым салынған. Тек 2008 жылы қала билігі қолға алып, арна күрделі жөндеуден өтеді. Оның өзі жеті жылға созылды. Үлкен Алматы мейлінше өзге кейіпке енді. Жағалауға орындықтар мен ойын алаңдары орнатылып, арнаның құбыр жүйелері жаңартылған. Аталған жұмысқа қала бюджетінен 600 миллион теңге жұмсалыпты.

«Каналдың бойында үш демалатын аумақ бар. Қазір біздің тұрғанымыз "Прахач" аумағы, келесісі "Баум тоғайы", үшіншісі - "Гүлдер". Ол үшеуіне де қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, биыл «Бартоғай» су қоймасымен келісім жасап, су толтыру жұмысын жасап жатырмыз», - деді Алматы қ. табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Айдын ТЕМЕШЕВ.

Ел игілігі үшін қолданысқа беріліп отырған каналдың тереңдігі 2 метрді құрайды. Демалыс аймағын күтіп, баптау үшін 6 техника мен 40 адам қызмет етпек. Олар тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалайды.

«Құтқару қызметінің шаһарда бақылауына алатын орын саны үш жағалауға артып отыр. Бұл Үлкен Алматы каналының бойынан жаңа ашылған нүктелер. Жазғы уақытта суға түсетіндер саны артады. Осыған орай құтқарушылар тәулік бойы, демалыссыз жұмыс жасайды», - деді Алматы қалалық құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Гауһар НӨКЕРБЕКОВА.

Жағажайды қолданысқа беру құжаттары дайындалуда. Ресми рұқсат берілгеннен кейін тұрғындар бұл орындарға келіп шомылуға, тынығуына болады. Демалыс орнында қауіпсіздікпен қатар, санитарлық жағдай да сақталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары