$ 498.34  519.72  4.85

Назарбаев қиын кезеңде өтірік айтқанын айтты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "С Назарбаевым о главном" деректі фильмінде 90 жылдары шетел инвесторларын Қазақстанға тарту үшін өтірік айтуға тура келгенін мойындады. 

"90 жылдардың басында, катастрофалық жылдар болды, Кеңес Одағы құлады, бар экономика мемлекеттік социалистік меншікте тұрды, барлық зауыттар, фабрикалар, балабақшалар, дүкендер, барлығы - мемлекетке тиесілі болды. Олар тиімсіз жұмыс істеді, мемлекет төменде тұрған құрылымдарға нақты мақсаттар үшін қайтарымсыз қаражат берді. (...) Тіпті пәтерлерге электр тогы жетпеді, шамдар, жылу электр станциялары берілмеді, шай кварталдарда, көшелерде қайнатылды. Міне осындай аянышты жағдайда болдық", - деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы инвесторларды тарту ісінде қулықтарға баруға мәжбүр болғанын мойындады. "Өтірік сөйлемейін, сол кездерде маған деген сенім болды. Әрине, өтірік айттық. Қазақстан үлкен, тоғызыншы территория, бізде байлық бар.

Мен Америкаға ұшақты толтырып алып, бардым. Үлкен бизнес-кездесу болды. Сол уақытта Нұрлан Смағұлов машиналарды сатып жүрген, оған "Міне біздің машинақұрылыс магнатымыз" дедім. Немесе Болат Әбілов спорт киімдерін сатып жүрді, мен оны "сауда алыбы" деп айтатынмын. Олар күлді, Субханбердин болды, тағы да көп адам болды. Кейін "Бұл болса үлкен қаржыгер" деймін. Ал олар бізде де сондайлар бар деп ойлады. Дым да болған жоқ, бірақ қазір пайда болды ғой", - деді Назарбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Назарбаев