$ 449.58  486.94  4.86

Судьялар өмір бойы қаржымен қамтамасыз етіледі

Отставкаға кеткен судьялар өмір бойы қаржылай қамтамасыз етілетін болады. Парламент сенатында осындай заң қабылданды деп жазды24.kz.

Құжатқа сәйкес судья қызметін кемінде 15 жыл бойы атқарып, зейнетке шыққандарға мемлекеттік бюджеттен төлемақы бөлінеді және оған салық салынбайды.

Көлемі судьяның соңғы лауазымдағы алған ай сайынғы жалақысының тең жартысына тең болады. Заң келер жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді. Қазіргі таңда елімізде отставкаға шыққан 508 судья бар.

Егер отставка мерзімі аяқталса, ақша төлеу тоқтатылады. Депутаттардың пікірінше, игі шара өз қызметін адал атқаруы үшін судьяларды ынталандыру мақсатында жасалып отыр.

“Бұл заң жобасы – 15 жылдан астам уақыт бойы жауапкершілігі жоғары, ауыртпалығы зор, қиын да күрделі судьялық қызметті тек қана абыроймен атқарған судьяларға жасалатын құрмет. Яғни зейнетке шыққандардың барлығына емес, тек құрметті судьяларға ғана беріледі”, – дейді парламент сенатының депутаты Бектас Бекназаров.

Депутат өмірлік қамтылым судьяларды кіршіксіз таза қызметін аяқтауға ынталандырады деген ойда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары