$ 494.87  520.65  4.91

МС Сайлаубекті келеке қылғандар заң алдында жауап береді

МС Сайлаубектің туыстары көпшіліктен оны келеке қылмауды талап етті. Ендігі жерде олар бауырларына арақ беріп, өзіне ғана түсінікті тілде ән айтқызып, ғаламторға салғандарды сотқа береді, — деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.

Туыстарының айтуынша, қазір үйден маза кеткен. Себебі, бірге суретке түспекші болып, Сайлаубекті арнайы іздеп келетіндер күн-түнге қарамайды екен. Қызық іздеген жұрттың бұл қылығына әбден ашынған Сайлаубектің бауырлары телеарна тілшілеріне сұхбат берді.

Сайлаубектің отбасындағы өзге 8 бала қазіргі уақытта Атырау өңіріне белгілі ғалым-оқытушылар екен. «9 баламыз. 5 ұл, 4 қыз. Барлығымыз да елге қызмет етіп жатырмыз. Бірақ, бес саусақ бірдей емес дейді. Біздің ортамыздан осындай інішегіміздің келеңсіз жағынан көрінгені өте өкінішті. Айналадағы адамдар пайдаланып, оны жаман жағынан көрсеткені бізге өте батып тұр», — деді Сайлаубектің апасы Әлия Қабдыхамит.

Ал Сайлаубектің қарындасы Жанаргүл Қабдыхамиттің айтуынша, олар қатал шараға баруға мәжбүр. «Егер де жай сөзді түсіну керек. Сайлаубектің соңынан  қалмай түсірулерін қоймайтын болса, біздер қуынып, заңды орындарға арыздарымызды береміз. Және шара қолдануға әзірміз, жанұя атынан айтарымыз сол», — деді ол.

Сонымен қатар, Сайлаубектің бауырлары теларна тілшілеріне оның қандай екенін айтып берді. Айтуларынша, Сайлаубек мектепте тіл мен әдебиетке, ән-жырға өте жақын болған. Тіпті, түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды да иемденген. Мұны Сайлаубектің өзі де растап отыр. Сіз бен біз түсіне бермейтін тілде ән айтатын ол бүгін Махамбеттің жырын оқып берді.

Сайлаубектің айтуынша, көпшілікке белгілі боламын деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Тек әлдекімдер мұның ән айтқанын камераға түсіріп алып, ғаламторға салып жіберген. Сайлаубектің өзі істің бұлайша насырға шауып кететінін білмедім дейді.

Сайлаубек Қабдыхамиттің айтуынша, ол әнді өзі үшін айтып жүрген. «Былай өзім үшін  айтып жүрдім. Ондай ой болған жоқ, шығып кетем деген. Естіген өлеңдер ғой бұрынғы.

«Сайлаубек өзгелер айтып жүргендей емес, ақыл-есі сау адам. Орта кәсіби білім алған. Үйленбеген. Тек ащы суға әуестігі бар екен. Ауызына арақ тисе өзгеріп сала беретін Сайлаубектің бауырларының көпшіліктен ендігі сұрары — оны жайына қалдыру. Әйтпесе, қызық қуғандар құқық қорғау органдары алдында жауап бермек», — деп хабарлады тілшілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сайлаубек