$ 444.32  473.33  4.76

Алматы облысында 17 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

Алматы облысының полицейлері 17 жастағы Милана Изукаеваға іздеу жариялады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, кәмелет жасына толмаған бойжеткен Талғар ауданы Қайнар ауылындағы өз үйінен 2018 жылдың 25 сәуірінде шығып кетіп, қайта оралмаған. Содан қыздан бері ешқандай хабар жоқ.

Милана Изукаеваның белгілері: бойы 165-170 см, орта денелі, шашы қара түсті ұзын, қыр мұрынды. Денесінде ешқандай ерекшеліктері жоқ. Егер бойжеткенді көрген-білгендер болса 8 (727) 295-61-05, 295-63-96, 8 (702) 731-95-38 немесе 102 номеріне хабарласуына болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары