$ 446.49  475.38  4.79

Ерте қартайған Нұржан Өркешбаев екінші рет үйленгелі жатыр

Сирек кездесетін сырқатымен ел назарына түскен атыраулық Нұржан Өркешбаев өз жаңалығын жария етті. Ерте қартайған қазақ баласы екінші рет отбасы құрғалы жатыр.

"Некемді қиғалы жатырмын. Әзірге менің жаңалығым осы. Ол адаммен Құлсарыға қонаққа барғанымда танысқан едім. Алла қаласа болашақ жарым болады деген ниетте отырмын. Ұлан асыр үлкен той болмайды. Ағайын туысты шақырып беташар жасап, некемізді қиямыз", - дейді Нұржан Өркешбаев.

Нұржанның болашақ жары - "Адай" руынан шыққан 24 жастағы бойжеткен Ақтау қаласынан екен.

"Әзірге бірге суретке түскен жоқпыз. Болашақ жарым фотосын жария етуге қысылып тұр. Бірақ міндетті түрде бұл қуанышты сіздермен бөлісетін боламын", - дейді Нұржан.

Бұған дейін шаңырақ көтеріп, жарымен ажырасып кеткен азамат келесі неке қию рәсімін мамыр айына жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін атыраулық Нұржан Өркешбаев елден сүйінші сұрайтындай жаңалығы бар екенін айтқан болатын.

Дереккөз:  NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары