Күйбең тірліктен шаршағанда шетелге саяхаттап, теңіз жағасында күнге қыздырынғанға не жетсін? Ел аралап, көңіл көкжиегін кеңейтіп, тынығып қайтамын дейтіндердің алдынан кесе көлденеңдеп шығатын бір проблема бар. Әсіресе, жалғыз барған әйелдер үшін қауіпсіздік – қиынның қиыны екен. Қонақүй таңдау жолын шешуді демалыс кезінде зорланғандардың бірі, танымал блогер Анна Карабаш айтып берді деп жазады life.ru.
«Ұйықтап жатқанмын. Оянсам, іш киімімді әбден пышақпен тілім-тілім етіп тастап бір еркек қарсы алдымда отыр. Дегенін істемесем, өлтіретінін айтты. Мен қорыққанымнан құшағымды ашып, ләззат алып жатқандай кейіп таныттым. Одан басқа амалым да жоқ еді. Бір кезде басының ауырып тұрғанын айтты. Мен сол сәтті ұтымды пайдаланып, бас аурудың дәрісі деп оған ұйықтататын дәрі бердім. Сөйтіп, ресепшнға барып, қол ұшын сұрағанымда олар мені келеке етіп күле берді», – дейді блогер.
Анна Карабаш бұл оқиғанын Шығыс Африкадағы Сейшел аралындағы «Six Senses» бесжұлдызды қонақүйінде болғанын айтады. Кейін елге оралған соң мұндай жағдайдың достарында да таныстарында да кездескенін естіпті.
«15 жастағы қыз ата-анасымен демалысқа барған. Көрші бөлмеде әке-шешесі жатса да, оны қонақүй «қызметкерімін» деп есік қағып, зорлап кетіпті», – дейді Карабаш.
Танымал блогер шетелге саяхаттамас бұрын қала ортасында, ер адамдарды жанында әйел болмаса қабылдамайтын қонақүйлерді таңдауға кеңес берді. Сосын есікті кешке немесе түнде қаққандарға ашпау керегін айтты. Және қонақүй туралы өзге адамдардың пікір оқып алған да артық етпейді екен.