Көпірден секірмекші болған 30 жастағы келіншек екі полиция қызметкері құтқарып қалды деп жазады «Мой город» порталы.
Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің айтуынша, 30 жастағы келіншек орталық көпірден секіріп Орал өзеніне ағып өлмекші болған.«Бүгін 5 мамыр күні сағат 9.30 шамасында Атырау қаласындағы орталық көпірде әйел суицид жасамақшы болды. Екі полиция қызметкері: сержант Қуат Абдолов пен кіші лейтенант Абылай Сағынов көпірден секірмекші болған келіншекті дер кезінде көрген. Оны райынан қайтарып, өлімнен аман алып қалды. Артынша ол Атырау ішкі істер басқармасына жеткізіліп, кейін үйіне жіберілді», - делінген аталған хабарламада.Әзірге келіншектің не үшін суицид жасамақ болғаны белгісіз. Іспен полиция айналысып жатыр.