$ 447.4  477.55  4.76

Астана күні мерекесінде ұлттық ойындар насихатталады

Астанада қала күні мерекесіне орай «Хан Шатыр» жанындағы түрлі мәдени шаралармен қатар тоғызқұмалақ, асық ату, кір тасын көтеру, арқан тарту, аударыспақ, бұқа тартыс, жаяу көкпар, әйел жарыс және тб. секілді ұлттық ойындардан жарыстар өткізіледі. Бұл жарыстардың барлығы көрермендердің қатысуымен  жиналған халыққа мерекелік көңіл күй сыйлап, ұлттық ойындарды насихаттайтын болады.

Сайысқа қатыспаған көрермендердің өзі қойылған сұрақтарға белсенді жауап беру арқылы да жеңімпаз атана алады. Бұның өзі ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындар туралы ақпараттың, ойын ережелерінің жұртшылыққа кең таралуына сеп болары сөзсіз. Астана тұрғындары мен қала қонақтары бұл ойындарды 3-6 шілде аралығында сағат 11:00 де, 15:00 де және 18:00 де тамашалай алады. Жарыс жеңімпаздары мен белсенді ойыншыларға бағалы сыйлықтар табыс етілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары