$ 498.34  519.72  4.85

Астанаға ЭКСПО-2017 көрмесінің тұңғыш секция комиссары келді

«Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне қатысушы елдер көрме секцияларының комиссарларын тағайындай бастады. Осыған орай Франция Республикасы секциясының комиссары П. Лоро Астанаға ресми сапармен келді.

Франция Республикасы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы елдердің секция комиссарын тағайындаған бірінші ел. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесі тарихындағы секция комиссарының тұңғыш сапары болып отыр. Сапар аясында П. Лоро бірнеше лауазымды тұлғалармен екіжақты кездесулер өткізді.

«Біз барлық мәселелерде Қазақстанды қолдаймыз. 2017 жылғы көрмені қабылдайтын қаланы және Олимпиаданы өткізетін елді таңдау кезінде біз дауысымызды Қазақстанға бердік. Францияның көрмеге қатысуы біздің елдер арасындағы жемісті ынтымақтастықты одан әрі күшейтпек», деді П. Лоро.

Сондай-ақ, Франция тарапы көрме кешені аумағында салынайын деп отырған инновациялық нысандарға жоғарғы баға беріліп, «жасыл» технологиялардың ел дамуына оң ықпалын береді деген сенім білдірді.

Сапар қорытындысы бойынша П.Лоро 2015 жылдың қарашасында Астанада өтетін Халықаралық қатысушылардың екінші жиналысына қатысуға шақырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары