Оралда С.Есқалиев көшесіндегі екі қабатты үйдің пәтерінде өрт шығып, бір адам қайтыс болды деп жазады Қазақпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, С.Есқалиев көшесі 178-мекенжайындағы қос қабатты үйдің 8-пәтерінде өрт болып жатқаны жөнінде сағат 01.55-те хабар түскен. Екінші қабаттағы өрт аумағы 50 шаршы метрді қамтыған. Өрт сағат 02.43-те сөндірілген. Оқиға орнынан 1972 жылғы ер азаматтың мүрдесі табылған. Қазіргі кезде өрттің мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұдан бір күн бұрын, 6 мамыр күні сағат 14.13-те Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі Первомай елдімекенінде мал ұстауға арналған аумағы 924 шаршы метр қора-қопсының төбесі жанған. Өрт 17.19-да толықтай ауыздықталған. Мұнда зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша от электрмен пісіру жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан шыққан.